Конституция күні кең көлемде аталып өтті

Кеше Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын өтті. Оған  мемлекеттік органдар мен кәсіпорындар басшылары, облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, өңірдің құрметті азаматтары, әскери қызметшілер, жастар, үкіметтік емес ұйымдар және облыс жұртшылығы өкілдері қатысты.

????????????????????????????????????

Ұлтымыздың ұлан-ғайыр тарихынан бастау алған бүгінгі Конституциямыз – Елбасы ұсынып, халық қолдаған, елімізді биік белеске шығарған, тарихи маңызы аса зор құжат. Конституция күні – біздің мемлекетіміздің, халқымыздың ең ұлық мерекелерінің бірі. Осынау Ата Заңымызға биыл 23  жыл толып отыр.

Салтанатты жиында облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың атынан құттықтауды облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев жеткізді.

–  1995 жылы қабылданған Конституция Қазақстан мемлекеттілігі дамуының, адам құқықтары мен бостандықтарының мүлтіксіз сақталуының іргетасын қалады. Конституцияның өзекті ережелеріне сүйене отырып, біз, ел тағдыры үшін өмірлік маңызы бар жаңаруларды жүргіздік, нарықтық тұрақты экономикамызды құрдық. Демократиялық қоғамның негізін қаладық. Қазақстан дүние жүзілік аренаға танылып, әлемдік экономикалық жүйе ішінде лайықты өз орнын алды. Осының бәріне ұлтымыздың Көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың дәйекті сарабдал саясатының, Қазақстан халқының ынтымақтастығы мен бірлігі, тату-тәтті тірлігі нәтижесінде қол жеткізгендігіміз сөзсіз, – деді Әлібек Ибатоллаұлы.

Бұдан соң ол еліміздің конституциялық негіздерінің қалыптасуы мен дамуына, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға елеулі үлес қосқаны үшін бірқатар азаматтарға марапаттар табыстады. Облыс әкімінің  Алғыс хатымен Исатай ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы Арманбек Махмутов, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің  қызметкерлері Алмажай Сәрсекенова мен Сәлімжан Тасимов, Атырау қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Алмабек Абдолов, қалалық қаржы бөлімі басшысының орынбасары Гүлмаржан Тағанбаева, ал, әр саланың үздіктерінің төсбелгісімен «Гарант Астана» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы Айтпай Сисенов, «Норт Каспиан Прокон Салушенс» ЖШС басшысы Мұғал Мағымғалиев және зейнеткер Бақытжан Мұсағали марапатталды.

Конституция күніне арналған салтанатты жиын соңы мерекелік концертке ұласты.

                                                                                              Бақытжан ЖҰМАТ.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*