Конституцияға өзгеріс енгізу – жаңаша реформа – Кенжеғұлов

Бекет  КЕНЖЕҒҰЛОВ,

техника ғылымдарының докторы,

облыстық  қоғамдық кеңестің мүшесі:

Б__рын-со__ды болма__ан реформа

– Алмағайып әлем сәт санап өзгеріп жатыр. Технологиялық төңкеріс жаңа заманның құндылықтарын да өзгертіп жіберді. «Жаңа заманның сын-қатерлері» деген ұғым пайда болды. Әлемдік геосаяси картада қалыптасқан бүгінгі ахуалдың түп тамыры да саяси, экономикалық дағдарыста жатыр. Кез келген дағдарыстың дамуға ұласарын ескерсек, осы жағдайлардың өзі ұлы өзгерістердің бастауы болса керек. Демек, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Үндеуін жаңа реформалар кезеңі деп қабылдағанымыз дұрыс.

Тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу кезеңінде Президенттік басқару жүйесі өз-өзін толық ақтады деуге негіз бар. Қазақ елі тәуелсіздік жылдарында Еуразияда алдыңғы шептегі елге айналды.  Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болды. Тәуелсіздіктің ширек ғасырында еліміз Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етіп, Ислам Ынтымақтастық Ұйымының да тізгінін ұстады. Кеден Одағы, Бірыңғай экономикалық кеңістік, Еуразиялық Экономикалық Одақ тәрізді стратегиялық ұйымдардың өмірге келуіне ықпал еткен Қазақстанның жаһандық қауымдастықтағы рөлі күшейді.

– Үкімет пен Парламент құзырын кеңейту мәселесі – Конституцияға өзгеріс енгізу деген сөз. Жарты ғасырға жуық уақыт ішінде еліміз тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу сатысынан өтті. Қайта құру, қалыптасу кезеңінде Қазақстанның небір ауыр сынақтарды бастан өткергенін ескерсек, сын сағатта биліктің Президент құзырында болуы орынды еді.

Бүгінде әлем таныған, экономикасы орныққан, саяси аренада өзіндік мемлекет ретінде қалыптасқан елімізге жаңашыл реформалар керек деп ойлаймын. Демократиялық жаңарулардың қоғамдық санаға да оң ықпал етері сөзсіз. Ендігі жерде Үкімет пен Парламент Президент құзырындағы жауапты істерді заңды түрде бөліскен жағдайда  жауапкершілік те арта түспек.

Парламент пен Үкімет өзіне тиесілі мәселелерді шешуге құзыретті болған жағдайда ішкі саясатта жаңаша жүрістер күтіледі. Десе де, стратегиялық мәселелерді қарастырған кезде елдегі жағдайдың Президент бақылауында болары сөзсіз.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*