ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНА АУДАНДА ДА САЛЫНАДЫ

 

Қаладағы сияқты енді аудан орталығында да ипотекалық несиелеу жүйесімен тұрғын үй құрылысы жоспарланып, салына бастайтындығын білдік. Келісім-шарт бойынша салымшы немесе несиеге баспана алушы тұлға 8 жылда тиесілі соманың тең жартысын жинап үлгеруге міндетті. Десек те, бұған бәрінің бірдей мүмкіндігі жетіп, шамасы келе бермейтіні кәміл. Осы жағын ескерген банк ай сайын 25-26 мың теңгеден ақша төлейтін етіп, жалға беруді де ойластырған. Және бір ескерер жайт, сегіз жылда қарызға алынған соманың тең жартысы жиналатын болса, одан кейінгі кезеңде салымшы қалғанын бес пайыз жылдық қайтарыммен өтейді. Сонда ол  айына 20-30 мың теңге көлемінде ақша төлейді.

Қазіргі мезгілде ауданда осындай жүйемен салынатын үйлердің жобалық-сметалық құжаттары ресімделіп, құрылысты бастауға дайындық шаралары пысықталуда.

Дәулетқали АРУЕВ, өз тілшіміз.      

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*