Колледж түлектерін тестілеуден керексіз пәндер алынып тасталды

Үкіметте Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен отырыста ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев талапкерлерді кешенді тестілеудегі өзгерістер туралы баяндады, деп хабарлайды www.bnews.kz.

Exam

Министрдің айтуынша, келер жылы колледж түлектері үшін талапкерлерді кешенді тестілеу (ТКТ) форматы өзгереді. Бүгінге дейін олар ҰБТ кезінде өздері колледждің соңғы жылдарында оқымаған пәндері бойынша да тестілеуге қатысып келгені белгілі. Осыған байланысты келесі жылдан бастап енгізілетін ТКТ жаңа форматында талапкерлердің колледжде оқытылған білімі ғана назарға алынады.

ТКТ жаңа форматында 60 сауал қарастырылған, оның 20-сы жалпы пәндер бойынша, 40 сауал бейіндік пәнге қатысты. Мұндай жағдайда түлек өзінің бейінін одан әрі жетілдіруді таңдауы тиіс. Мысалы, педагогикалық колледж түлегі педагогикалық мамандыққа баруы керек. Ал бейінін өзгерткен жағдайда талапкер ҰБТ тапсыруға міндетті.

Дереккөз: BNews.kz

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*