ҚОЛДАУ БІЛДІРЕЙІК, АҒАЙЫН!

 

Елбасымыздың бастамасымен биыл елімізде Тәуелсіз мемлекетіміздің сан қилы, әрі терең тарихын танытатын «Қазақ хандығының – 550 жылдығына» арналған мәдени көпшілік іс-шаралар кең көлемде ұйымдастырылып, өткізілді. Сондай-ақ, халықтар достастығының тұтастығын, қазақ халқының қонақжайлылығын көрсететін «Қазақстан халқы Ассамблеясына -20 жыл» толу мерекесі де биік деңгейде арнайы тойланып, ел бірлігінің жарқын бейнесін паш етті.

Тарихымызға тереңдеп үңілсек, еңсесі биік ерлердің, қайсар халықтың ұрпағы болғанымызды әрқашан мақтан тұтамыз. Сол кешегі батыр бабаларымыздың кең-байтақ жерімізді қасық қаны қалғанша қорғаған ерліктері де біздің бүгінгі азаттығымызға арналғанына тарихымыз куә. Олай болса, ерлеріміздің осынау ерен еңбегін, асыл мұратын, аманатын ардақтауды әр уақытта жалғастыруымыз керек.

Келер мешін жылында еліміз үшін атаулы тарихи күндер көп болмақ. Соның ең бастысы, Тәуелсіздігімізге 25 жыл толады. Осы құрметті мерекені тойлау барысында үстіміздегі жылдан бастап, келер жылға арналған «Жаңа жылдық» дайындықты, қала көшелеріне безендірулер мен шыршаларды орнатуды «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнін» атап өткеннен кейін бастауды жөн санаймыз. Біз осы ұсынысымызды жалпы облыс халқына, барлық мекемелерге жолдай отырып, қолдау көрсетуге шақырамыз.

 

«Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы жанындағы «Мирас» Қоғамдық кеңесінің мүшелері:

С.Лұқпанов, Ш.Мұқан, Е.Бектеміров, И.Жақанов, Р.Отарбаев, Ө.Әлімгереев, Қ.Жүсіп, Қ.Жылқышиев, О.Қарасаев, К.Қосыбаев, С.Ізмұхамбетова, О.Жауыров, Б.Мамраев, А.Нысанғалиев, И.Балмағамбетов, Т.Жангелдиев, Е.Ихсанов, М.Кипиев, Г.Қалиева, Г.Сәдуақасова, Д.Тасқарина, Б.Телеубай.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*