ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ҚҰРЫЛДЫ

 

Қалалық мәслихат хатшысының міндетін уақытша атқарушы Ж.Зайдуллиннің төрағалығымен жүргізілген сессияның күн тәртібіне «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы ҚР Заңына және «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» ҚР Үкіметінің өткен жылғы 31 желтоқсандағы қаулысына сәйкес құрамы он үш мүшеден тұратын  қоғамдық кеңес құрылып, оның ережесі бекітілді.

Депутаттар Атырау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 17 сәуірдегі №197 «Атырау қаласы бойынша аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы мәселе қарады. Сессия «Қазақстан коммунистік партиясы» (саяси партия) қоғамдық бірлестігінің таратылуына байланысты, Қазақстан коммунистік партиясынан сайланған Атырау қаласы бойынша аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін өз міндеттерінен босату туралы шешім қабылдады.

Сессия жұмысына қала әкімі Н.Ожаев қатысып, сөз сөйледі.

                                                                                          Бақытжан ЖҰМАТ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*