Кітапхана – білімпаздар мекені

Атырау облыстық балалар кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында кітапхананың 50 жылдығына орай «Кітапхана — білімпаздар мекені» атты мерекелік шара өтті.

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Салтанатты жиынды Атырау облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Азамат Нұржауұлы ашты. Кітапхана ұжымын және осы кездесуге жиналып отырған барша оқырманды, сала ардагерлерін аталмыш датамен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына ұйымдастырылған «Менің күншуақты Қазақстаным» атты шығарма конкурсы қорытындыланды. Бұл сайысқа облыс орталығындағы пәндерді тереңдетіп оқытатын бес мектеп-гимназияның оқушылары қатынасты. Білім додасының жеңімпазы – Атырау облыстық дарынды балалар мектеп-интернатының оқушысы Айнагүл Жақсылыққызы болды.  Тіл мәртебесін көтеретін жарыста екінші орынды Қазақ-түрік лицейінің  оқушысы Нұрхан Нұрымжанов пен №13 Д. Байбосынов атындағы мектеп-гимназияның шәкірті Үміт Бексұлтанова бөлісті. Үшінші орынды Нұрғиса Тілендиев атындағы Кіші өнер Академиясынан Айшолпан Жәрдем, облыстық дарынды балалар мектеп-интернатынан Әнуар Нұрмұхамбетов, №15 орта мектептен Диана Анисимова жеңіп алды.

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Шараға Атырау олыстық салалық кәсіподақ комитетінің басшысы Гүлнәр Шайхашева да қатысып, сала ардагерлеріне Алғыс хат табыстады. Атырау облыстық балалар кітапханасының директоры Сара Ізмұхамбетованы ҚР салалық кәсіподақтарының «Құрмет белгісі» төсбелгісімен марапаттады.

Жиында Дина Нұрпейісова атындағы ұлттық академиялық оркестрдің директоры Қамбар Хамзаұлы да сөз алып, кітапханашыларды кітапхананың жарты ғасырлық бойымен құттықтады. Атырау облыстық Ғабдол Сланов атындағы әмбебап кітапханасының директоры Гүлжанай Қалиева облыстық балалар кітапханасының директоры Сара Салахатдинқызына Алғыс хат табыстап, сый-сияпатын ұсынды.

Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*