Бақытжан Сағынтаев Атыраудағы мұнай кәсіпорындарының жұмысымен танысты (ФОТО)

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Атырау облысына сапары кезінде «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорнының кеңсесінде болды. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Елбасы Жолдауының аясында мұнай-газ саласының кәсіпорындарын технологиялық тұрғыдан жаңғырту мәселелері бойынша жиын өткізді. Оған ірі мұнай компанияларының басшыларымен бірге, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қызылорда облыстары әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

_EAC9434

Алқалы жиын Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың аймақтың экономикалық-әлеуметтік жағдайы туралы жасаған хабарламасынан басталды. Атырау еліміздегі қарышты дамып келе жатқан аймақтың бірі. Мұнда 600-ден астам өнеркәсіп кәсіпорны жұмыс жасауда. Олардың арасында «Теңізшевройл», «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» секілді ірі компаниялар бар.

_EAC9244

Өңірдегі саяси-әлеуметтік жағдай тұрақты. Өңдеу өнеркәсібінде ілгерілеушілік бар. Экономиканы әртараптандыру бойынша шаралар алынып, аймақта бұрын болмаған жаңа жобалар жүзеге асуда. Мұнай компанияларымен, атап айтқанда, «ТШО», «НКОК», «Ембімұнайгаз», тағы басқа құрылымдармен арада меморандумға қол қойылды, – деді Нұрлан Асқарұлы.

_EAC9343

Аймақ басшысы шетелдік компаниялармен арадағы қызметте қазақстандық үлесті ұлғайту бойынша атап айтар жетістіктер барын баяндады. Дегенмен, құрал-жабдықтарды жеткізу, орналастыруда жергілікті жердің мүмкіндігін әлі де толық пайдалану қажеттігіне де тоқталды.

_EAC9208

Жиында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мұнай-газ саласындағы кәсіпорындарды технологиялық жаңғырту туралы айтып берді. Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев елдегі цифрландыру жобасының орындалысын баяндады. «Қазмұнайгаз» АҚ кәсіпорындарын қайта жарақтандыру және цифрландыру жөнінде осы компанияның басшысы Сауат Мыңбаев хабарлама жасады. Сонымен қатар, «СНПС – Ақтөбемұнайгаз», «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз», «Теңізшевройл», басқа да компаниялардағы технологиялық жаңғырулар, қолға алынған жаңа жобалар әңгіменің өзегіне айналды.

_EAC9279

Өндірісті технологиялық жаңғырту – бұл кешенді түрде орындалатын ауқымды шара. Оны жүзеге асыруға барлық компаниялар белсенді үлестерін қосуы қажет, – деді Премьер-министр Бағытжан Сағынтаев. Ол бүгінде Қазақстанда жаңа индустриялар құру және базалық секторларды цифрландырумен сипатталатын «Қазақстанның үшінші жаңғыруы» іске асырылып жатқанын айтып өтті. Озық технологияларды енгізу жастарға үлкен мүмкіндіктер ашады, алайда, сонымен бірге, заманауи жағдайда бәсекеге қабілетті болу үшін жаңа дағдылар мен құзыреттерді меңгеруді талап етеді.

_EAC9328

_EAC9266

Азамат БАЗАРБАЕВ.

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*