Үкімет басшысы атыраулық дәрігерлермен кездесті

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары аясында Атырау қалалық емханасында болды. Онда денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру барысымен танысып, облыстың медицина саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Atr.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

fsdhj

Емхана директоры А.Өтегенова мекемені цифрландыру жұмыстары туралы баяндады. Атап айтқанда, «ҚазМедАқпарат» электронды кезек жүйесі мен мобильді қосымшаларды қолдану мүмкіндіктері көрсетілді.

Денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесу барысында Б.Сағынтаев қазіргі таңда денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту бойынша көлемді жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.

“Бұл үшін денсаулық сақтау нарығын ырықтандыру және қайта реттеу шаралары жүргізіліп, жекеменшік ұйымдарға әкімшілік кедергілер азайтылып, инвестициялар тартылып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік дамып жатыр. Үкімет аталған барлық мәселелерді ерекше бақылауда ұстап отыр. Мәселен, 2017 жылы денсаулық сақтау саласына салынатын жеке инвестициялар екі есеге — 44,2 млрд теңгеге дейін ұлғайды. МӘМС жүйесін енгізудің заңнамалық базасы құрылды, өткен жылдан бастап қор жұмыс істей бастады, жұмыс берушілер ақша аударымдарын жүргізіп жатыр”, – делінген хабарламада.

Өңірдегі ахуал туралы облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы М.Аймурзиева баяндады. Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігері С.Шомыров электронды денсаулық паспортын енгізу туралы айтып берді. Денсаулық сақтау орталығын реконструкциялау, облыстағы жүрек-қан тамырлары ауруларының жағдайы және дәрігерлердің операциялардың жаңа түрлерін игеруі туралы кардиологиялық орталықтың бас дәрігері М.Қонысов мәлімдеді. Сондай-ақ, «Медикер» медициналық орталығының бас дәрігері А.Ғабдуллин, облыстық жедел медициналық жәрдем ауруханасының бас дәрігері Г.Таңбаева, облыстық туберкулез диспансерінің бас дәрігері Ж.Сағиев сөз сөйледі. Облыс әкімі Н.Ноғаев талқыланған мәселелер бойынша пікір білдірді.

Өрбіген диалогты қорытындылай келе, Бақытжан Сағынтаев міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге мұқият дайындық мәселесі, ұсынылатын қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік беру, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, қағазсыз нұсқаға көшу кезінде деректердің сақталуын қадағалау, компьютерлермен жабдықтау, медициналық ақпараттық жүйелермен қамту, қалалар мен аудандардың интернетке жүз пайыз қосылуы мәселелері ерекше басымдықта болуы керектігін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Премьер-Министр өңірдің денсаулық сақтау саласының мәселелерін шешу бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Хорлан СМАДИЯР

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*