ХАЛЫҚТЫҚ БАНК – ЖАҢА ОРЫНДА

 

Сондықтан да,  ашылу  салтанатында  сөз  алғандар  Рая  Мұқтарова  бастаған  шағын  ұжымға жаңа орында да  игі  табыстар мен  тың  ізденістер тіледі.

 Күні бүгінде аудандағы бірнеше мекеме, кәсіпорындармен қатар, жеті мыңға жуық халық осы банктің қызметін пайдаланады. Банкте жеті қызметкер жұмыс жасайды. Сол секілді жергілікті жұрт банкоматтан тиесілі ақшаларын алып, несие төлеп, түрлі аударымдар жасайды. Осыған дейінгі жиын-басқосуларда банк ғимаратының ескі екендігі ұдайы айтылып келе жатқан-ды. Енді, міне, халық тілегі бүгінгі күні өз шешімін тапты.

– Ұжымның жаңа ғимаратқа көшуіне орай алдымен клиенттерімізге, содан соң қызметкерлерімізге де жұмыс істеуге қолайлы жағдай туғызылды. Мұның өзі де алдағы уақытта жұмыс сапасын көтеруге үлкен септігі тиеді деген үміттемін, – дейді бөлімше басшысы Рая Шамкенқызы.

Сүйеу  ХАЛЫҚОВ,

Индербор  кенті.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*