Жаңажылдық дастархан қандай болуы керек?

1451467191 l Қоғам

Жаңажылдық дастархан – айтулы мерекенің ең басты көркінің бірі. Бұл тек әртүрлі тағамдардың жиынтығы ғана емес, шыршаны безіндіруден де қалыс қалмайтын, ерекше мән берілетін элемент. Осынау күнде мерекелік дастархан қандай болуы қажет?

1451467191_l

Ең алдымен, жаңа жылдың иесіне, оған қатысты халық арасындағы ұғымдарға ден қойған жөн. Мәселен, биыл Доңыз жылы болғандықтан дастарханға мейлінше ет тағамдарын қоюға әуес болмау қажет. Сондықтан, бұл жылы ас мәзірінде балық, тауық етінен жасалған тағамдардың түр-түрін дайындауға әбден болады.

Сондай-ақ, дастарханның арнайы дайын түрін сатып алуға болады. Десек те, өз қолыңызбен сәндеп тіккен әлдеқайда ерекше болмақ. Бұл ретте оның түсіне де назар аударған жөн. Әсіресе, қою түстерді таңдамаған жөн. Өйткені, бұл түстер үстел үстіндегілерге жиналыста отырғандай әсер қалдыруы мүмкін. Үстел жаулығы мерекеге сай әдемі бантиктермен безендірілуі қажет.

Жаңажылдық икебананы жасауды да ұмытпаған абзал. Ол үшін бірнеше жылтырақтарды үстелдің жалпы реңкіне сәйкес келетіндей таңдауымыз қажет. Шырша ойыншықтарын, жасанды қарды да қолдануға болады. Сөйтіп, барлық композицияны әдемі әйнек вазаға саламыз. Жасалған дүниені үстел ортасына гүлдің орнына қойсақ, ерекше көрік беріп тұрады. Мұның әдемілігі әркімнің ой-қиялының ұшқырлығына байланысты туындайды. Сонымен қатар, қойылатын ыдыстардың бір түсті болғанына да зер салу қажет. Аппақ ыдыстарды қолдану әлдеқайда көрікті болады. Ал, ас мәзірінде ашық түсті жеміс-жидектер мен көкөністер ерекше сән береді.

Қонақжайлылық – біздің қанымызға сіңген қасиет. Олай болса, 2019 жылдың қарсаңында жайылатын дастарханымыз мол болсын. Ең бастысы, «қонақ келсе, құт» екенін ұмытпай, мерекемен құттықтай келген меймандарымызды жылы шыраймен, ақ ниетпен қарсы алу маңызды. Көтеріңкі көңілмен дастархан басына шығуды ұсына білсек, үстел үсті сонда ғана жайнай түсетіні сөзсіз! Доңыз жылындағы дастарханыңыз берекелі болсын!

Алтыншаш Құрмашева

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз