КЕНІШТІ ИГЕРУГЕ – КЕШЕНДІ ДАЙЫНДЫҚ

 Антонио Велла аймақ басшысына жылы қабылдауы үшін алғысын білдіріп, теңізде кен өндіру жұмыстарына дайындық мәселелерімен танысып, оған қанағаттанарлық сезіммен келіп отырғанын жеткізсе, Умберто Каррара кенішті игеруге байланысты барлық қажетті шаралардың алынғандығын, соның ішінде «Болашақ» зауытының құрылысы туралы айтты. «Болашақ»  зауытында мұнай мен газды кешенді тасымалдау жұмыстарына әзірліктің технологиялық қырлары жөнінде, сондай-ақ, зауыттың Қашаған кен орнынан тауарлық мұнайды қабылдауға дайындығы туралы мәселелер сөз болды. Кәсіпорында мұнайды сорғыту, оны қоспалардан тазарту, Қашағанды тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру барысында мұнайды сақтау және экспорттау жүзеге асырылатын болады. Зауыт қуаттылығы жыл сайын 22,5 млн. тонна мұнай мен 6 млрд. текше метр газды қайта өңдеуге мүмкіндік береді.

Облыс басшысы бұл жұмыстардың бәрі өзінің тікелей бақылауында екенін, Қашаған кенішінде, «Д» аралында және «Болашақ» зауыттарында болып, жағдаймен етене танысқанын, соған сай өңірде НКОК, Аджип, Сайпем компанияларының табысты еңбек етіп жатқанын атап өтті.

Алдын ала мәліметтер бойынша теңізден мұнай өндіру маусым айына белгіленіп отыр. Сол кезде Қашаған жобасының бірінші сатысында тәулігіне шамамен 370 мың баррельден 450 мың баррельге дейін мұнай өндіру көзделген. Бұрғылау жұмыстары Қашаған, Қаламқас, Ақтоты және Қайран  кен орындарында орналасқан 11 теңіз блогында жүргізілмек. Қашаған мұнайын өндірудің ең жоғары сатысында тәулігіне 1,5 млн. баррельге дейін «қара алтын» алынбақ. Ал, жалпы бірінші кезеңде жылына 50 млн. тонна «қара алтын» алу көзделіп отыр. Негізінен, жоспар бойынша кенішті игерудің екінші кезеңі 2018-2019 жылдары басталмақ. Ол кезеңде Қашаған мұнайын өндіру көлемі жылына 70 млн. тоннаға жеткізіледі. Мамандардың бағалауынша, бұл – Қазақстанға әлемнің ең ірі мұнай экспорттаушыларының бестігінің қатарынан орын алуына мүмкіндік береді.

Айта кетерлігі, «Eni» – әлемдегі біріктірілген ірі компаниялардың бірі. Қызмет саласы мұнай газ өнеркәсібін, электр энергиясы мен мұнайхимия өндірісін, кәсіпшілік қызмет көрсету және жобалауды қамтиды. Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы Қашаған кеніші – соңғы 40 жылда әлемде ашылған ең ірі және күрделі кен орны.

  Қосұйым МҰҚАШЕВ.

 Суретті түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*