Кенді Индердің келісті шағы

Менделеев кестесіндегі элементтерге бай Индер ауданының инвестициялық тартымдылығы да жоғары. Қойнауы кенге толы ауданның келешегінен индерліктер зор үміт күтеді. Шетелдік инвесторлардың қатысуымен қолға алынатын жобалар тек аудан халқы ғана емес, бүкіл ел ырыздығы болары даусыз. Кенді өңірдің биылғы жартыжылдықта жеткен жетістіктері де аз емес. Оған жергілікті жұрт куә.

863541_1480932132

Жалпы, аудан экономикасы негізгі үш басым бағыттан құралады. Олар – тау-кен өнеркәсібі саласы – Дендер тауы шикізаттары ас және техникалық тұздар өндіру, табиғи жайылымдар, мал және егін шаруашылығын дамытуға ыңғайлы жағдай туғызып отырған ауыл шаруашылығы шағын және орта бизнес саласы.

Ауданның өнеркәсіптік орталығы Индербор кентінде қалыптасқан, яғни, шешуші өндірістік қуаттар осында орналасқан. Мұнда өнім өндірумен айналысатын үш орта және 16 шағын кәсіпорын тіркелсе, оның 17-сі жұмыс жасап  тұр. Соның ішінде төрт құрылыс материалдарын өндіру, бір  шұбат-қымыз өндіру, екі таза су өндіру, бір техникалық және ас тұзын өндіру кәсіпорны мен тоғыз нан өнімдерін шығару наубайханасы жобалары бар. Сөйтіп, өнеркәсіп өнімінің көлемі –  949 млн. теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда 11,1 пайызға артқан. Ал, «ИСИ Гипс Индер» ЖШС өндіріс қуатын ұлғайту бағытында қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуде. Негізгі капиталға инвестициялар көлемі – 1 млрд. 463 млн. теңге.

Пайдалы қазбаларға бай ауданның ауыл шаруашылығында да ілгерілеу бар. Былтыр «Алтын асық», «Құлан», «Сыбаға» бағдарламалары бойынша  300 қой, 80  жылқы, 90 аналық, 3 аталық мүйізді ірі қара сатып алу жоспарланған болса,  он бір шаруа қожалығына 334 қой, 156 жылқы және 226 аналық, 13 аталық мүйізді ірі қара алынды. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

1410 гектар аумаққа жерге егін салынса, оның ішінде картоп – 470  га, көкөніс  – 450 га, бақша – 180 га, екпе шөп – 280 га, жеміс-жидек – 30 га. Оның ішінде тамшылатып суару әдісімен 25 шаруа қожалығы 390 гектар жерге егін өсіруде.

Өткен жылы қажетті мамандар үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында төрт ауылда (Индербор кенті, Есбол, Бөдене, Жарсуат ауылдарында) екі пәтерлік 22 тұрғын үй пайдалануға берілді. Биыл Елтай, Өрлік, Көктоғай, Құрылыс ауылдарында да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Индербор кентінің бас жоспарына сәйкес, Аққала ауылы бағытында 202 га жер теліміне инфрақұрылым жобасы (электр, газ, су, кәріз, жол) жүргізілген. Осындай жұмыстар Көктем мөлтекауданының  №11 учаскесінің 35 гектарында жүргізілуде.

Ауданға қарасты 14 елді мекеннің 11-і толықтай орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Қалған үш елді мекен (Кетебай, Ақтан, Қызылжар) жер асты ауыз суын пайдаланып және тасымалдау арқылы тұтынуда. Бұл елді мекендерді тұрақты су жүйесіне қосу үшін жобалау-сметалық құжаттама жасақталып, Кетебай ауылын ауыз сумен қамту үшін құрылыс жұмыстары басталды. Ал, Қызылжар, Ақтан  ауылдарын сумен қамту жобасы да сараптамадан өтіп, құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін конкурс өткізілуде.

Индербор кентіндегі Ынтымақ (5,3 шақырым), Аққала (11,3 шақырым) елді мекендеріне кірме жолдар мен ауылішілік жолдарды күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары өткен жылы басталып, осы айда аяқталады деп күтілуде. Көктоғай, Өрлік, Есбол және  Елтай ауылдарымен «Жас өркен» балалар демалыс лагеріне ауылішілік автомобиль және жаяу жүргіншілер жолдарын күрделі жөндеуден өткізу үшін құжаттары жасақталып,  сараптамалық қорытындысы алынды.

Жыл басынан бері 282 сәби дүниеге келді. Ауданның медицина саласының материалдық техникалық базасы жыл сайын жақсарып келеді. Көктоғай ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория іске қосылды. Ал, Аққала ауылында фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы үшін жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалуда.

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында бюджет есебінен бөлінген 28 732,0 мың теңгеге ағымдағы жылы 1 елді мекенге балалар ойын алаңын (Индербор кенті) орнату, жеті елді мекенде абаттандыру (Индербор, Бөдене, Жарсуат, Елтай, Аққала, Өрлік, Көктоғай), екі елді мекенде коммуналдық шаруашылық және спорт объектілерін ағымдағы жөндеу жұмыстары (Индербор, Құрылыс а.), үш елді мекеннің сумен жабдықтау объектілерін ағымдағы жөндеу жұмыстары (Құрылыс, Есбол, Ынтымақ а.) шілде-тамыз айларында басталды. Сондай-ақ, Есбол ауылында – 300 орындық,Бөдене ауылындағы – 200 орындық мәдениет үйінің құрылысы жалғасуда.

Айбөпе Сабырова

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*