Кемел келешек кепілі

Мемлекет басшыcының «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтарын жүзеге асыруға және Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» атты мега-жобасы аясындағы эстафета құрманғазылық жастар арасында жалғасты.

490766e9524332747a84877fd3ec0f93_xl

Еліміздің тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерін паш ету, алға қойған мақсаттарын айқындау, өскелең ұрпақтың бойында патриотизмді қалыптастыру мақсатындағы шара Құрманғазы аграрлық-техникалық колледжінде өтті.

Мұнда өңірдегі жастармен бірлесе жасалып жатқан жұмыстар туралы айтылды. Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жасұлан Бисембиевтің айтуынша,  аймақта соңғы төрт жылдың ішінде 12 еріктілер ұйымы құрылды. Қазіргі таңда аталмыш ұйымдарға мүше болғандар саны 2000-ға жетіп, олармен көптеген  іс жүзеге асыпты.

«Сенімді болашақтың негізі – жастардың қолында. Оны жетік ұғынған бүгінгі жас буын өкілдері  қоғамдық жұмыстарда белсенді. Былтыр олардың ұйымдастырған қайырымдылық акцияларында 10 миллион теңгеге жуық қаржы жиналып, көмекке зәру жандарға қолдау көрсетілді. Мұндай игі істер алдағы уақытта жалғаса береді»  – деді Ж.Бисембиев.

Жиында аудан әкімінің орынбасары Жандос Бектеміров мега-жобаның маңызына тоқталып, Құрманғазы өлкесінде тәуелсіздік жылдары жүзеге асқан игі істерді саралады. Ал, жеке кәсіпкер, аталған колледждің тұрақты серіктесі Меңді Қиматова дуальды оқыту жүйесі бойынша оқу орнымен тығыз байланыс орнатылғанынан хабардар етті.

Айнагүл ШАКУПОВА,

Құрманғазы ауданы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*