КЕЛІСІМ МОДЕЛІ

Дмитрий  ЖУРАВЛЕВ,

Ресей Федерациясындағы Аймақтық мәселелер

институтының бас директоры:

– Қытайдың көне тарихында айтылғандай, дәрігерге емделуші науқастанған кезінде емес, аман-сау болып жүрген кезінде айлық төленген еді. Қазақстан халқы Ассамблеясы емделушінің дені сау кезіндегі дәрігер секілді қызмет етуде. Бұл – мемлекет басшылығының Ассамблеяға жеткілікті саяси назар беріп отырғанының нәтижесінде мүмкін болып отыр.

 

Мәдина  НҰРҒАЛИЕВА,

Алматы қаласында орналасқан ҚР Президенті

жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер

институты штаб-пәтерінің басшысы:

– Еліміздегі этносаралық ахуалды сипаттайтын әлеуметтік зерттеулер көрсеткіштері бойынша, Қазақстандағы түрлі этникалық топтар өкілдерінің 88,7%-ы елімізде өздерін жақсы сезінеді. 61,8%-ы өзі тұрып жатқан аймақтағы ұлтаралық қатынастарды тату деп бағалайды. Азаматтардың 75%-ы басқа этнос өкілдерімен іс жүргізуге, 90%-дан астамы – бір ұжымда оқуға және қызмет етуге, көрші және дос болуға дайын. Отанымызда азаматтық және этникалық бағыттарды қамтитын Қазақстан ұлтын қалыптастыру саясаты жүзеге асырылуда. Сол себептен де, Қазақстан ұлтаралық  дау-дамайдан аман сақталып отыр.

 

Андрей  КАЗАНЦЕВ,

Мәскеу халықаралық қатынастар мемлекеттік

институты талдау орталығының  директоры:

– Қазіргі таңда әлемнің түрлі аймақтарында этно және дінаралық факторларға байланысты дауласулар көбейді. Ал, Қазақ елі  азаматтық бағытпен Қазақстан ұлтын құру бойынша табыстарға жетті. Елдегі қалыптасқан ұлтаралық ауызбіршілік мемлекеттік саясаттың мақсатты орындалуының нәтижесінде пайда болып отыр.

 

Павел   ЗАРИФУЛЛИН,

Мәскеу қаласындағы Лев Гумилев

орталығының директоры:

– Қазақстанның этносаралық саясатының оң тәжірибесін Еуразия экономикалық одағына мүше елдерге таратуды ұсынамын. Жалпы алғанда, қазіргі таңда Қазақ елінде жүзеге асырылып жатқан этно және конфессияаралық қарым-қатынастар үлгісі әлемдегі  ең  тиімділеріне жатады. Және ол ішкі саяси тұрақтылықты нығайтады.

 

Ералы  ТОҒЖАНОВ,

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының

орынбасары – Хатшылық меңгерушісі:

– Қоғамдық келісімнің Қазақстандық моделін зерттеу үшін Ассамблеяға әлемнің он бес мемлекетінен, атап айтқанда, Болгария, Ұлыбритания, Германия, Франция, Испания, Италия, Қытай, Малайзия, АҚШ, Ресей, Түркия, Украина және Армения елдерінен шетелдік сарапшылар мен ғалымдар, дипломаттар, журналистер, сондай-ақ, үкіметтік емес ұйым өкілдері алпыстан астам өтініш білдірді. Бұл шетелдік әріптестеріміздің Бейбітшілік пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделін толеранттылықтың ең таңдаулы үлгісі ретінде зерттеп, зерделеуге және оны өз елдерінде қолданысқа енгізуге ынталы екендерін көрсетеді.

Ассамблея ел бірлігінің жарқын жетістіктерін әлемге паш етудің тағы бір тамаша алаңы ретінде ЕХРО-2017 көрмесін пайдалануды көздейді. Ол үшін ЕХРО көрмесін өткізу шараларының аясында Қазақстандағы этномәдени бірлестіктердің жетістіктерін көрсетудің арнайы тұжырымдамасы да дайындалды.

Дайындаған Баян АТАЙМАНҚЫЗЫ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*