КЕЛЕШЕККЕ – КЕМЕЛ БАҒДАР

Делегация құрамында Республикалық қоғамдық штабтың басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Қазақстан Патриоттар партиясының төрағасы Ғани Қасымов, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, «Бірлік» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали, Парламент Мәжілісінің депутаттары, ҮЕҰ, ғылым және шығармашылық интеллигенция өкілдері, белгілі қоғам қайраткерлері, т.б. болды.

Республика сарайына 3 мыңдай алматылықтар – Президенттің серіктестері, қоғам қайраткерлері, ардагерлер, қаланың құрметті азаматтары, этномәдени бірлестіктердің, жастар ұйымдарының, шағын және орта бизнестің өкілдері жиналып, кезекті мәрте өздерінің Н.Ә.Назарбаевты қолдайтындықтарын білдірді.

Тәуелсіз Қазақстанның ең алғашқы Үкімет төрағасы Сергей Терещенко актив барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың бар-жоғы 24 жылдың ішінде елдің жан басына шаққандағы ІЖӨ-сін 30-дан астам ретке ұлғайту қолынан келген аса көрнекті мемлекет қайраткері болып табылатынын атап көрсетті.

Белгілі мемлекет қайраткері Қуаныш Сұлтанов Елбасының Қазақстанды пікірі әлемдік аренада үлкен салмаққа ие халықаралық қоғамдастықтың беделді мүшесі жасағанын атап өтті.

«Бірлік» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали Нұрсұлтан Назарбаевтың ең басты еңбегі оның көпұлтты және көпконфессиялы Қазақстан халқын оның тұтастығы мен өсіп-өркендеуіне қол жеткізе отырып, біріктіре және соңынан ерте білгені екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ, Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығының төрағасы Серік Аханов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Асылы Осман, талантты дирижер Дінзухра Тілендиева Елбасына өнер мен мәдениет саласына көрсетіп келе жатқан әкелік қамқорлығы үшін шын жүректен шыққан ризашылығын білдірді.

***

Кеше Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Алматыдағы іссапарының екінші күнінде зиялы қауым, ғылым және шығармашылық, ардагерлер ұйымдары, патриоттық клубтар өкілдерімен, қала кәсіпкерлерімен кездесіп, «Инновациялық-технологиялар паркі» АЭА-на барды. 

Алматылық зиялы қауым Қазақстанның тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерін зор мақтаныш етеді. Танымал ғалымдар, жазушылар, әртістер, суретшілер мен режиссерлердің айтуынша, Елбасының басшылығымен экономикалық табыстарға жетумен бірге, еліміз басты құндылықтар – халықтар достығын, толеранттылықты, келісім мен бейбітшілікті сақтап қалды.

Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов бүкіл ғылыми қауымдастық Нұрсұлтан Әбішұлының айқындап берген бағытын қолдайды деп атап көрсетті.

Ал, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есболов соңғы бес жылда ғана отандық ғылымды қаржыландыру 2 есеге өскенін атап көрсетті. Кездесуде Қазақстан Жазушылар Одағының президенті Нұрлан Оразалин сөз сөйлеп, шығармашылық адамдар үшін бүгінгі күнді алтын дәуір деп бағалады. Ал, академик Сұлтан Сартаев елді аралаған кезде барлық жерде құрылыстың қарқынды жүріп жатқанын айтып, «бұл – Елбасымыздың дана саясатының арқасында мүмкін болып жатқан жетістіктер» деді.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*