КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМА

 

Тарихи маңызы зор осынау құжатты келешегі кемел, кешенді бағдарлама десек, көптің көңіліндегі ойды тап басарымыз ақиқат.

Елбасының Ұлттық жопардың маңыздылығы туралы: «Бұл 100 қадам жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап болмақ, сонымен бір мезгілде жаңа тарихи жағдайда 30 дамыған елдің құрамына ену жоспарына айналады. Ал, реформаларды жүзеге асыру – алдағы 10 немесе 15 жылға негізделген жалпыұлттық нөмірі бірінші мақсат-міндет болып табылады» деп атап көрсетуі алдағы атқарылар ауқымды істердің қаншалықты маңызды әрі жауапты екендігін айқын аңғартады.

Ғасыр жүгін арқалайтын бес институционалдық реформаның әрбiр тарауы нақты, кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын практикалық қадамдармен бекемделген.

Мәселен, бiрiншi институционалдық реформаны жүзеге асыру бағытында «Кәсiби мемлекеттiк аппарат құру» үшiн 15 нақты қадам айқындалған. Онда кадрлар даярлау, лауазымға ұсыну кезiнде олардың өмiр тәжiрибесiне баса назар аударылып, тамыр-таныстыққа, көз қимастыққа тосқауыл қойылып, дос-жарандық жолымен iрiктеуге тыйым салынбақ. Мемлекеттік лауазымды орындарға кадрлар iрiктеуге конкурстық әдiстердi кеңінен енгiзу ұсынылған.

Екiншi институционалдық реформа заңның үстемдiгiн қамтамасыз етуге бағытталған. Онда нақты 19 қадам ұсынылған. Бұл реформа біздегі соттардың қызметіне тікелей қатысты. Сондықтан, судьялардың жауаптылығын күшейтіп, мәртебесін көтеруге, әлемдік талаптарға толықтай жауап беретін сот жүйесін жетілдіруге айрықша көңіл бөлінген. Атап айтқанда, 16-қадамда азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі инстанцияларын оңтайландыру, бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы сот жүйесіне көшуге маңыз берілген.

Сондай-ақ, «Судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілік талаптарын қатайту да Ұлт жоспарынан көрініс тапты. 17 қадамында көрсетілген бұл талапта сот істерін жүргізуге қатысудың 5 жылдық өтілі болуын міндеттейді. Бұл ретте Елбасы судьялардың дағдысы мен іскерлігін тексеру үшін ахуалдық тестілер жүйесін енгізуді тапсырды. «Судьялыққа үміткерлер соттарда стипендия төленетін бір жылдық тағылымдамадан өтеді. Бір жылдық тағылымдамадан кейін судья бір жылдық сынақ мерзімімен өтеді» деп Елбасы нақтылап берді. Бұдан басқа заңның үстемдігін қамтамасыз етуде судьялардың есеп беру тәртібін күшейту, жаңа этикалық кодексті жасау, тараптардың судья әрекеттеріне қатысты еліміздің Жоғарғы Сотының жанынан құрылған арнайы Сот алқасына шағымдануын қамтамасыз ету, барлық сот процестерін аудио-бейне таспаларға міндетті түрде жазылуын қамтамасыз ету мәселелері де басты назарда ұсталған. Алқа билер қатысатын сот істерінің санатын көбейту, инвестициялық даулар бойынша жеке сот істерін жүргізуді құру, Жоғарғы Сотта ірі инвесторлар қатысатын дауларды қарау үшін инвестициялық алқаны құру мәселелері де назардан тыс қалмады.

Дубай тәжірибесі бойынша Астана қаласында AIFC халықаралық арбитраждық орталығын құру, шетелдік және халықаралық соттардың үздік стандарттары бойынша сот істерін жүргізуді қамтамасыз ету үшін, сот жанынан белгілі шетелдік судьялар мен заңгерлер қатысатын халықаралық кеңес құру күн тәртібінде өткір тұрған мәселелердің бірі екендігі ашық әрі нақты көрсетілген.

Мемлекет басшысы Ұлт жоспарының «Біртектілік пен бірлік» реформасында «Мәңгiлiк ел» патриоттық актiсi жобасын әзiрлеуді тапсырды.

Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – үлкен отбасы», «Менiң елiм» ұлттық жобаларын әзiрлеу және оны жүзеге асыруды, «Нұрлы болашақ», «Мәңгiлiк ел», «Менiң елiм» жобаларын дайындап, жүзеге асыру көзделсе, бесінші «Есеп беретін мемлекеттілікті қалыптастыру» институционалдық реформасында оны жүзеге асыру үшiн «Он нақты» қадам ұсынылған.

 Базарғали ҚАДЫРҒАЛИЕВ,

Атырау қаласының мамандандырылған

әкімшілік сотының төрағасы.

 

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*