ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КЕЛІСІМНІҢ ҮЛГІСІ

 

«Қазақстан халқы Ассамблеясының ІІ Халықаралық медиафорумына қатыса отырып, көп әсер алдым. Өз тарапымыздан көрген-білгенімнің барлығын Латвияға жеткіземін. Медиафорум жоғары деңгейде өтті. Ал, онда қабылданған шешімдер Қазақстанның журналистеріне ғана емес, шетел журналистеріне де тиімді», – дейді шетелдік журналист. Владимир Решетов бұл тәжірибені Латвия еліне апарып, жан-жақты ақпараттандыруға да уәде беріп отыр.

– Қазір Қазақстан халқы Ассамблеясының осы тәжірибесі әлем бойынша шиеленістер көбейіп тұрған шақта өте керек деп ойлаймын. Латвияда ҚХА сияқты құрылым жоқ. Біздің еліміздің аумағы шағын болғанымен, Латвия да –көп ұлтты ел. Елімізде этникалық ұйымдар бар болғанымен, оларды біріктіретін құрылым жоқ. Қазақстанның 20 жылғы тәжірибесі – өз алдына жеке институт. Сондықтан, Қазақстанда көрген-білгенімді біздің жаңа Президентке жеткізуге тырысамын»,-деді ол.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*