Қазақстанда ажырасу азайды ма?

Ел жаңалықтары Жаңалықтар Қоғам

Atr.kz/ 15 сәуір, 2019 жыл. Қазақстанда 2019 жылдың қаңтар-наурызында ажырасу саны 8 884 құрап, 2018 жылдың осы кезеінен 4,2% азайған – 9 277, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Есептік кезеңде 17 422 неке тіркелген. Бұл өткен жылдың қаңтар-наурызындағы көрсеткіштен (18 015 неке) 3,3% аз. 2019 жылдың қаңтар-наурызында Қазақстанда 62 097 адам өмірге келген. Бұл өткен жылдағы көрсеткіштен 1,5% аз (63 070 адам). Ал, қайтыс болғандар саны 23 170 адамды құрап, 2018 жылғы көрсеткіштен (22 313 адам) 3,8%-ға көбейген. 2019 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша ҚР халық саны 18 млн 431,5 мың адамды құраған.

Дереккөз: “ҚазАқпарат”

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *