Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Өзбекстан Республикасына барды

Жаңалықтар Саясат

  Atr.kz/ 15 сәуір, 2019 жыл.  Жексенбі күні Қазақстан Президентінің ұшағы И. Кәрімов атындағы Ташкент халықаралық әуежайына қонды. «Мемлекет басшысын Өзбекстанның Премьер-министрі Абдулла Арипов, Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Абдуләзиз Камилов және Ташкент қаласының әкімі Джахонгир Артыкходжаев күтіп алды» деп хабарлайды Қаз Ақпарат.

Ақорда баспасөз-қызметінің ақпаратына сәйкес, сапар барысында екі елдің Президенттері сауда-экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық және көліктік-транзиттік ынтымақтастықтың екіжақты өзара іс-қимылының өзекті мәселелерін, сонымен қатар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің басты тақырыптарын жан-жақты талқылайтын болады.

Екіжақты кездесу барысында бірқатар маңызды құжаттарға қол қою да көзделген. Мұнан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев  Өзбекстандағы Қазақстан жылының ресми ашылу салтанатына қатысады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *