ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ 2014 жылғы 11 ақпандағы БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Бұған қоса Қазақстан экономикасының ғаламдық экономикамен тығыз байланысты екенін ескерген жөн, Ұлттық Банк әлемдік қаржы және тауар рыноктеріндегі жағдайды қаперден шығара алмайды.

Біріншіден, жетекші дамушы елдердегі, оның ішінде БРИКС елдеріндегі жағдай. АҚШ-тағы «сапалық жұмсару» бағдарламасына сәйкес, қаржы дамушы елдерден дамыған елдерге ағылады, бұл осы елдердің валютасына қысым жасаумен жалғасты. Әлемдік экономиканың кейінгі дамуындағы белгісіздіктің әсерінен әлемдік қаржы және тауар рыноктеріндегі өзгерістер артты. 

Екіншіден, Ресей рублінің курсына қатысты белгісіздік орын алып отыр. РФ Орталық банкінің Ресей рублін еркін айналымға жіберуінен соң 2013 жылы ол АҚШ долларына деген курсы бойынша 7,1 пайызға әлсіреді. Ағымдағы жылдың қаңтар айында Ресей рублінің әлсіреуі жалғасты.

Үшіншіден, бұл ҚР төлем балансының жағдайы. Ағымдағы операциялардың жағымды болуына қарамастан, пайдаланылатын тауарлардың импорты есебінен импорт өсуде.

Төртіншіден, спекулятивті операциялардың өсуінің әсерінен Қазақстан Республикасы экономикасында девальвациялық куту процесі жоғарылады. Спекулятивті ажиотаж бен айырбас курсының өзгерістерін алдын алу үшін Ұлттық банкке валюталық рынокке жиі енуге тура келеді.

Бесіншіден, болашақта инфляцияны 3-4 пайызға төмендету үшін Ұлттық Банк инфляциялық шектеуге өтуді жоспарлап отыр, ол дегеніміз – айырбас курсының қатаң қадағалауынан бас тарту.

Теңгенің айырбас курсының сыртқы бәсекеге қабілеттілігін орнына келтіру, ҚР экономикасы сыртқы сауда балансын және отандық тауарөндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қолдау – Ұлттық Банк валюталық саясатына өзгерістер енгізуді қажет етеді. 

ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ 2014 ЖЫЛДЫҢ 11-АҚПАНЫНАН БАСТАП ТЕҢГЕНІҢ БҰРЫНҒЫ ДЕҢГЕЙІН САҚТАП ТҰРУДАН, ВАЛЮТАЛЫҚ ИНТЕРВЕНЦИЯЛАРДЫҢ КӨЛЕМІН АЗАЙТУДАН, ТЕҢГЕНІҢ АЙЫРБАС КУРСЫН ҚҰРУ ПРОЦЕСІНЕ АРАЛАСУДАН БАС ТАРТУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ.

Ұлттық банк теңге курсының жаңа бағамы 185 АҚШ доллары төңірегінде болады деп есептейді.

Теңге курсының ұзақмерзімдік тренді, Ұлттық Банк бұған дейін хабарлағандай, фундаменталды ішкі және сыртқы макроэкономикалық факторларға қатысты болады.

Осымен бірге, бұл қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша жүргізілетін валюталық интервенциялардан бас тарту деген сөз емес.

Қаржы рыногі мен экономикада дестабилизацияны болдырмау және шапшаң өзгерістерді және айырбас курсындағы қысқамерзімдік өзгерістерді жұмсарту мақсатындағы Ұлттық банк саясаты жалғасады. Ал теңгенің айырбас курсындағы ұзақмерзімдік тренд макроэкономикалық жағдайларға сай түзіледі.

Ұлттық Банктің есептеуінше осы бағамнан соң спекулятивтік девальвациялық күтудің потенциалы азаяды. 

Кейіннен айырбас курсындағы өзгерістер бойынша валютаның күшеюі де, әлсіреуі де болуы мүмкін, бұл әлемдік экономикадағы жағдайға байланысты болмақ.

Ұлттық Банк қазіргі валюталық операциялар режиміне ешқандай тосқауыл қоймақ емес. 2014 жылдың 11 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі айырбас пункттеріндегі шетел валютасын теңгеге сату -сатып алу бойынша мынадай дәлізді енгізеді:

-АҚШ долларына – 2 теңге;

-Евроға – 3 теңге.

Ұлттық Банк төлем жүйесінің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Ұлттық Банк банктерге қажетті қысқамерзімдік қаржыны алдын ала бекітілген кепіл бойынша бере беруін жалғастырады.

Ұлттық Банк және банктер тарапынан айырбас пункттері тиісті шетел валютасымен қамтамасыз етіледі. Екінші деңгейлі банктердің аймақтардағы филиалдары қажетті деңгейдегі шетел валютасына ие.

Айырбас курсындағы өзгерістердің нәтижесінде Қазақстан Республикасы экспорттық және экономиканың импорт алмастыру салаларында жұмыс істейтін отандық кәсіпкерлер мен тауарлардың бәсекегеқабілетті жағдайлары жақсарады.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*