Каспийдің керемет көрінісі фотокөрмеде айқын айшықталды

Каспий күніне арналған шаралардың шымылдығы Ш.Сариев атындағы облыстық өнер музейінде ұйымдас-тырылған «Каспий теңізінің экожүйесі» тақырыбындағы фотокөрмемен ашылды.

Қоршаған орта және біз

Өскелең ұрпақты туған табиғатты, оның биоалуантүрлілігін қорғауға тәрбиелеу, халықтың экологиялық сауаттылығын арттыру, осы бағытта көрнекі  үгіт-насихатты күшейту мақсатын көздеген бұл көрмеге кәсіби және әуесқой фотосуретшілер қатысты. Олар теңіздің экологиялық жүйесін жан-жақты бейнелеген төл туындыларын ұсынды. Көрмеге келушілер фотосуреттерді тамашаласа, қазылар алқасы әділ бағасын берді.

Осылайша, кәсіби фотосуретшілердің ішінен Федор Сараев, Жалғас Қайырханов, Айдос Кәрімов, әуесқойлардың арасынан Нұрлыбек Бименов, Эльмира Шуханова және Фатима Жолдас  жүлделі орындарды иеленді. Оларға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

Дәулетқали АРУЕВ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*