КӘСІПТІК БІЛІМГЕ ҚҰШТАРЛЫҚ АРТАДЫ

 

Жолдаудан студенттер қауымы шәкіртақының 2016 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап өсетінін естіп, қуанып қалды. Көшбасшымыздың қазіргідей дағдарыс жағдайға қарамастан, жастарды ешқашан назардан тыс қалдырмауы әкелік қамқорлығы деуіміз керек. Яғни, Елбасы шәкіртақыны 30 пайызға өсіретіндігін жеткізді.Осы қамқорлықты жастар жете түсініп, өздерінің білімге деген құштарлығымен, ғылымға қосар үлесімен ақтаса, нұр үстіне нұр болмақ.

Жолдауда тағы бір атап көрсеткен жағдай, 2017 жылдан бастап кәсіптік білім алу тегін болатыны бізді зор қуанышқа бөледі. Ендігі жерде осы мүмкіндіктерді пайдаланып, жастардың көптеп кәсіби-техникалық білім алып, сапалы маман болуына жағдай жасалуы керек. Осы ретте жұмысшыларды марапаттайтын орденнің жасалуы жұмысшы мамандығының беделін арттыратыны сөзсіз.

Өзінің еңбек жолын жұмысшы мамандығынан бастап, қара жұмыстың адамды қалай тәрбиелейтіндігін толығымен бастан өткерген Елбасымыздың бүгінгі жастарға жасап отырған мүмкіндіктері барша қазақстандықтарды қуантады. Ал, болашақ маман боламын дейтін шәкірттерді біліммен сусындататын ұстаздар мен шеберлер өздеріне үлкен жауапкершіліктің жүктеліп отырғанын жақсы сезінеді.

Елена  ЕШПУЛОВА, Атырау инженерлік-гуманитарлық институт колледжі  директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*