Кәсіпкерлік қанат жаюда

 Мемлекет басшысы  халыққа арнаған Жолдауында шағын және орта бизнесті дамыту қажеттігін айтып, кәсіпкерлікті қолдаудың «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы  өңірлердің инвестициялық бағдарламаларының бір бөлігі болуы тиістігін атап өтті. 
  Мұның өзі кәсіпкерліктің өркендеуіне соны серпін әкеледі деген ойдамын. Ауданымызда да уақыт өткен сайын шағын және орта бизнес даму үстінде. Өткен жылдың өзінде  ауылдық округіміздегі кәсіпкерлер саны 21-ге жетті. Оның 8-і шаруа қожалығы, 3-і ЖШС, 14-і жеке кәсіпкерлер. Оларда жұмыспен  қамтылғандар  саны – 47 адам. Округімізде он бір сауда нысаны, екі  шаштараз, бір компьютерлік қызмет көрсету орталығы, бір тойхана, үш тігін орны, бір шеберхана, бір дәріхана жұмыс жасайды. Сонымен қатар, ауылымыздың бір азаматы несие алып, 200 орындық тойхана құрылысын салып, бітіруге таяды. Осының бәрі Елбасымыздың сындарлы саясатының жемісі, жыл сайынғы Жолдауларының іске асқандығының көрінісі. Биыл да алға қойылған міндеттер орындалып, озық отыз елдің қатарына апарар басқышта тағы бір сатыға көтеріліп, межеге жақындай түсеміз деген сенімдемін.
Сақтапберген  ЕРТІЛЕУОВ, 
Кудряшов ауылдық округінің әкімі.
Құрманғазы ауданы.
 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*