KASE: Теңге бағамы тағы көтерілді

Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 319,67 теңгені құрады.
1ac5ac7ef8fc5d81c3d54749edd8981d
Сәрсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда шетелдік валюта бағамы 0,23 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға 318,8 теңге, ал ең жоғарғысы 319,9 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 54 млн долларға жетті. Сәрсенбі күні доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 319,9 теңге, күндізгі сессияда 319,86 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 319,88 теңге болған. Сауданың жалпы көлемі 124,7 млн долларды құрады.
Еске сала кетсек, сәрсенбі күні KASE-нің таңғы сессиясында 1 АҚШ долларының бағамы 320,39 теңгеден 319,9 теңгеге дейін, яғни 0,49 теңгеге төмендеген болатын.
  Әсем Сырғабаева

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*