KASE: Доллар бағамы арзандады

Ел жаңалықтары Жаңалықтар Экономика

Atr.kz/ 10 сәуір, 2019 жыл. Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 1 долларға – 379,59 теңге болды.

Дүйсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 0,68 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға – 379,4 теңге, ал ең жоғарысы – 379,9 теңге болған. Сауда көлемі 24,03 млн долларға жетті. Дүйсенбі күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 380,27 теңгені, күндізгі сессияда 380,68 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 380,55 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі – 114,4 млн доллар.

Дереккөз: “ҚазАқпарат”

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *