ҚАРЖЫ БАР, НАҚТЫ ІС КЕРЕК

 

– Бірінші мәселе – ардагерлер демалатын бақ жөнінде, – деді Нұрлыбек Жұмахметұлы өз сөзінде.  – Сол үлкендеріміз өзара бас қосып, шүйіркелесетін жер керек деп, «Тұрғын үй қалашығынан», дәлірек айтсақ, Құрманғазы мәдениет сарайы жанынан әсем бақ жасақтадық. Қарттарымыз бұған риза болған. Ал, қазір оның сиқы сын көтермейді: орындықтар сынған, бүлінген, қоқыстан көз сүрінеді. Енді бақты қайта жөнге келтіру керек, осы ретте тиісті орындарға тапсырмалар беріледі. 

Депутаттар қойған сауалдың бірі – бағдаршам туралы. Қазір қалада 18 бағдаршам орнату қажет болса, соның 13-і орнатылды, 9-ы іске қосылды. Қалған жұмыс та біртіндеп іске асатын болады. Үшінші өтініш – №6 балабақша жайы. Бұл балабақша мамырдың 11-інен бастап жұмысын тоқтатты. Жөндеу жұмысы күрделі, балабақшаның барлық электр желілері ауыстырылатын болады. Бір айдың ішінде бұл жұмыс аяқталуға тиіс. 

Бұдан кейін сессияның күн тәртібіне қойылған мәселелер кезекпен қаралды. Алдымен, Атырау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының міндетін атқарушы М.Ғалымов «Атырау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы №155 «2014-2016 жылдарға арналған қала бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» баяндама жасады.

Сондай-ақ, қалалық бюджеттен шаһардағы автомобиль жолдарын күрделі жөндеу жұмыстарына,  қыс мезгілінде жылу беру жүйесіндегі апаттардың салдарын жою үшін, энергетикалық нысандарды бағалауға, «Атырау Су Арнасы» мекемесінің жарғылық капиталын ұлғайтуға, қалада салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысын аяқтауға, мектептерде оқушыларға ыстық тамақ беруді ұйымдастыру үшін тамақтанушы балалардың саны өсуіне байланысты қосымша қаржылар бөлінетіндігі айтылды. 

Сессия барысында Атырау қаласы әкімі аппаратының басшысы П.Хасанов қалалық мәслихаттың 2014 жылғы 16 шілдедегі №210 «Атырау қалалық әкімдігінің дербес құрамына келісім беру туралы» шешіміне өзгеріс енгені туралы баяндады.

Лиза СЕЙТІМОВА.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*