ҚАРТТАРЫМ, АМАН-САУ ЖҮРШІ!..

Алла Тағала қасиетті Құран-Кәрімде: «Раббың өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе, «Тұһ» деме. (Кейіс білдірме). Сондай-ақ, ол екеуіне зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле,» – деп, ап-анық аяттар түсірген. Ардақты елші Мұхаммедке (с.ғ.с) бір жас жігіт келіп, Алла жолында жиһадқа шығуға рұқсат сұрағанда, одан «Ата-анаң тірі ме?» – деп сұрайды. Ол «иә» деп жауап береді. Сол кезде Алла елшісі: «Ендеше күш-жігеріңді сол екеуіне жұмса,» – деп, оны Алла жолындағы жиһадтан кері қайтарыпты.

Иә, ата-ананың қадір-қасиеті жайында небір әңгіме, жыр-дастан, өлеңдер бар десеңізші. Ақын Мұқағали:

«…Арсыз күлкің тиылмас,

жылауың да,

Айтысың да басылмас,

ылаңың да.

Араздасып ағайын кетер еді,

Бір қария болмаса, бір ауылда…» – деп жырласа, сазгер Алтынбек Қоразбаевтың «Қара шалын» жанарына жас алмай тыңдау әсте мүмкін емес. Бәрінен бұрын еліміздің қай түкпірінде де үкіметтің бағымындағы қарттардың көбейіп бара жатқаны өкінішті-ақ. Ал, жыл сайын олардың күтіміне мемлекет қазынасынан миллиардтаған қаражат бөлінеді…

Біз қанша жерден үкімет үйіндегі үлкендердің көңілдерін көтеруге тырысқанымызбен олардың өз үйіндей болмайтыны шындық. Бәрінен бұрын, бала-шағасы бар қариялардың осы үйде тұрып жатқандары қандай ауыр! 

«Неге бұлай?», «неге олай?» деген сұрықсыз сұрақ көп басымызда. Тек жартулы жауап жоқ. Анығын Жаратушы иеміз ғана білетін болар…

 

Мақсот БАҒЫТЖАНОВ,

«Мәулімберген» мешітінің бас имамы,

Алғабас ауылы,

Атырау қаласы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*