ҚАРАҚШЫ «ҚОНАҚ»

 

Сотта анықталғандай, қылмыскер Балықшы поселкесіндегі Аманбеков көшесіндегі тұрғын-жайға заңсыз басып кіріп, тонамақ болған. Осы мақсатта ол үй иесі – әйел адамды бірнеше рет теуіп, қинап, денесіне әлденеше рет пышақ ұрған. Сол кезде зардап шегуші көрші бөлмеде ұйықтап жатқан құрбысын көмекке шақырады. Айқай-шуды естіп, көмек қолын созған оны да «шақырылмаған қонақ» ұрып-соғып, денесіне жарақат салған. Үйдің иесі далаға қашып шығып, көмекке адамдар шақырғанын естігеннен соң ғана қылмыскер оқиға болған жерден бой тасалайды.  

Сот қарақшылық қылмысқа барған адамды ҚР Қылмыстық Кодексінің 179 және 96-баптары бойынша  (қарақшылық, адам өлтіруге әрекет жасау) кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеу арқылы 14 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Бек АЙДАРӘЛИ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*