ҚАН МАЙДАНДА ОТ КЕШКЕН

 

 – 1942 жылдың қаңтар айында Гурьев мұнай техникумының II курсын оқып жүргенімде Кеңес армиясы қатарына алындым. Студенттік қаламымды әскери қаруға алмастырдым. Әскерге алынғаннан кейін тәртіп бойынша қаңтар, мамыр айлары аралығында әскери дайындықтан өтіп, әскери құрал-жабдықтармен, оларды қолдану жайымен таныстым. Әскери қару-жарақты меңгерген соң, мамыр айында Харьков қаласы маңындағы майданға түстім. Осы жерде көптеген қиындықтармен бетпе-бет келдік, – деп еске алады майдангер.

Кейін ол 1944 жылы Орша, Борисов қалалары үшін болған шайқастарға қатысып, Киев қаласына қарай шегінеді. Осы шегініспен 1944 жылдың екінші тамызында Восточная Субалка жерінде аяғынан жараланады. Жараланған оны алдымен Литваның Вильнюс қаласындағы, кейін Қырғыз Республикасының Ош қаласында орналасқан әскери госпитальге жібереді. Сол жерде емделіп, 1946 жылы елге қайтты.

– Соғыстан кейінгі елдің жағдайы қиын еді. Ел экономикасын бейбіт заманға бейімдеу керек болды. Еңбек жолымды алғаш «Теңдік» колхозында бастап, 1955 жылы Қайыршақты ауылдық кеңесінде хатшы қызметіне сайландым. 1970 жылы сауда саласында қызмет еттім.1977 жылы «КазНигри» мекемесіне қарасты геологиялық барлау қызметінің Гурьев экспедициясы бөлімі бастығының орынбасары болдым. Сол мекемеде зейнет жасына дейін еңбек еттім – дейді ардагер.

Фархат ӘБІЛОВ,

Нұролла САПАРОВ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*