ҚАМҚОРЛЫҚҚА – ІСПЕН ҚАЙТАРЫМ

 

«Бас ауырып, балтыр сыздамай тұрмайды» дегендей, әрбір адамның денсаулығы сыр берсе, емделу қам-қарекетімен жеке адамның өзі қалмай жұмыс берушілердің де жауапкершілігін күшейтуі өте дұрыс болған екен дер едім. Мұндай сақтандыру медицинасы әлемнің озық елдерінде, көрші Ресейде де енгізіліп, тиімді жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар, 81 және 82-қадамдарда бәсекелестік арттыру үшін жеке медицинаны дамыту, қызмет көрсетудің алдыңғы қатарлы стандарттарын енгізу медицинада емдеу сапасын көтеруде үлкен серпін береді деген сенімдемін.

Аудан медицинасының дамуы жайынан сөз қозғасақ, әрине, жаңадан ашылған орталық емхананың орны бөлек. Қазір мұнда күндізгі ауруханада бұрынғы 15 орындықтан 30 орынға ұлғайып, жұмыс жасауда. Емделушілерге қажетті дәрі-дәрмектерімен қатар, барлық жағдайлар жасалған. Әрі күндізгі емделушілерге физиологиялық емдер тегін көрсетіледі. Жаңа емхананың әрбір бөлімінде шетелдің ең озық үлгідегі жаңа заманауи құрал-жабдықтарымен қамтылуы – үлкен жетістік. Айталық, бұдан бұрын инсульт алып, аяқ-қолы сал болып қалған сырқаттарды кезекті ем-домын алуға облыс орталығына жіберуге тура келсе, қазір алысқа бармай-ақ емханадағы жаңа аппараттармен ем алып, оңалып кетулеріне мүмкіндіктері бар.

 Мүгедектерді оңалтуға да көп жағдай жасалған. Жаңадан келген түрлі аппараттар мүгедектердің қимыл-қозғалысын жақсартуына үлкен септігі тиеді деп ойлаймын. Жаңа УЗИ аппаратында жүрек ауруларын, ана мен бала, әйел, ер ауруларын тереңірек зерттеп, түрлі кеселдердің алдын алуға, емдеуге барынша жағдай жасалған. Тері-венерологиялық кабинетте де түрлі жараларды күйдіріп жазатын бұрын-соңды бізде болмаған заманауи құрал-жабдықтармен қамтылуы  қуантады.

Сонымен қатар, жаңа емхананың ашылуында облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің өзі бас болып емхананың ауруханамен іргелес орын тебуіне ықпал етуі бұл медицина қызметкерлеріне ғана емес, барлық емделушілерге де өте қолайлы болғаны сөзсіз. Енді қызмет сапасын арттырып, дәрігерлердің кәсіби шеберлігін барынша көтеру маңызды деп ойлаймын.

Шолпан

МҰХАМЕДИЯРОВА,

Қазақстанның денсаулық сақтау ісінің үздігі,

Индер  ауданы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*