Қайыршылықпен айналысып, қамауға алынды

  Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында қайыршылықпен айналысқан адамға қатысты әкімшілік іс қаралды. Әңгіме кейіпкері бұдан бұрын да заңсыз әрекет жасап көзге түсіпті. Алайда, әкімшілік жаза оны ойландырмағанға ұқсайды. Ол бұрынғы кәсібін бүгінде қайтадан жалғастырыпты. Осылайша, облыс орталығының Ә.Молдағұлова көшесінің бойындағы «Идеал» супермаркеті алдында тұрып қайыр сұраған. Әрлі-берлі жүрген адамдардың балағына жармасып, мазасын алған. Сондықтан, сот заң бұзушыны бес тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.

Қосымшаның редакторы: Азамат БАЗАРБАЕВ.

Байланыс тел: 45-84-30.

Эл. пошта: azamat_bekaibek@mail.ru.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*