ҚАҢТАРДА АУА РАЙЫ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?

Жылқы жылының алғашқы айының орташа айлық температурасы минус 1-80с деңгейде болмақ. Ал, бірінші онкүндікте ауаның температурасы түнде 4-9-дан 14 градус аязға көтерілсе, күндіз 3-8 градус жылылықтан 2-3 градусқа төмендейді. Екінші онкүндікте ауаның температурасы түнде 2-7 градус аяз, күндіз 4-9 градус жылы, кей жерлерде1 градусқа төмендейді. Екінші онкүндіктің соңында түнде 8-13 градус аяз, күндіз 2-3 градус жылылықты көрсетсе, үшінші онкүндікте ауаның температурасы түнде 8-13 градустан 17-22 градусқа дейін суытады. Аймақтың кей жерлерінде бірінші онкүндіктің ортасында, екінші онкүндіктің басында және соңында, үшінші онкүндік бойы қар жауады. Айдың басында кей жерлерде тұман, үшінші онкүндіктің соңында бұрқасын боран болуы ықтимал. Бірінші және екінші онкүндіктің ортасында, үшінші онкүндіктің басы мен соңында шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.
Түйіп айтқанда, қаңтар айындағы ауа райы болжамдары 60 пайыз нақтылы түрде 30 күн бұрын беріледі. Бұл жағдайда тәуліктік, апталық, онкүндік болжамдар арқылы толықтырылып, болжам шындығы 90-100 пайызға дейін расталынып отырылады.

Ғайнолла ЗИНУЛЛИН.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*