«Күзгі кросс»

Атырау аймақтық дене тәрбиесін және спортты дамыту орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектеп және  колледж оқушыларының арасында «Күзгі кросс» деген тақырыппен жеңіл атлетикадан облыс  біріншілігі өтті.

2001-2002, 1999-2000 жылғы оқушылардың  арасында «Күзгі кросс» облыстық біріншілігіне Махамбет, Индер, Мақат аудандары мен Атырау қаласынан, С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжі және  «Ұлан» балалар жасөспірімдер даярлық клубының командалары қатысты.

Нәтижесінде 2002-2003 жылғы ұлдар арасында Махамбет  ауданынан  Диас Құсайын, қыздар арасында Индер ауданынан Аругүл Тұрсынғалиева, 2000-2001 жылғы ұлдар мен қыздар арасында атыраулық Аймат Жумаев пен  Айна Мақсотовалар үздік нәтижеге қол жеткізді.

Облыстық біріншіліктің арнайы сыйлықтарымен Индер ауданынан Нұртілеу Ыбырашов, Атырау қаласынан Эльона Суркова, Эрнит Швару,  Диана Мұхамбеттер марапатқа ие болды.

Абай  АҚМҰРЗИЕВ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*