КӘСІПТІК БІЛІМ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Алдымен бірнеше оқу орнының басшылары өз білім ордаларындағы қамқоршылық кеңесінің жұмысы туралы баяндады. Атырау политехникалық колледжінің директоры Б.Шеркешбаеваның атап өткеніндей, сапалы білім беруді қамтамасыз ету және дуальдық оқыту жүйесін енгізу жолында колледж 42 өндірістік мекемемен келісім-шарт жасақтаған, қазіргі уақытта 48 әлеуметтік серіктесі бар. «Ембімұнайгаз», «Заманэнерго», «Атырау-Жарық», «АМӨЗ», т.б. кәсіпорындармен тығыз байланыста жұмыс істейді. 
Баяндамашылардың атаған басты проблемаларының бірі – оқу орындарындағы материалдық-техникалық базаның төмендігі, құрал-жабдықтардың жеткіліксіздігі. Жыл сайынғы маман даярлауға бөлінетін қажетті қаржы да төмендеген, ол тек шәкіртақы мен еңбекақы төлеуге ғана жетеді. Кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өту нашар жүргізіледі, өндіріс орындарының басшылары оған мүдделілік танытпайды. Сол себепті де колледжде алған білімді өндірісте бекіту деңгейі төмен. Бұрынғыдай тәжірибелі маманға жас кадрды бекітіп қою үрдісін жаңғырту қажеттілігі сезіледі. Ол үшін кәсіби маманға қосымша ақы қосылса, ал, жас маман оның қасында жүріп жұмыстың қыр-сырын жете меңгереді.
Облыстық білім беру басқармасының бастығы Сатқан Есенғалиевтың айтуынша, бүгінде бизнес өкілдерінің көзқарасы өзгерген, олардың ішінде жақсы маманға сұраныс беріп жататындары да аз емес. Олардың тарапынан 30 млн. теңгелік шеберхана құралдары алынып беріліпті. Колледждердің әлемдік білім үрдісін дамытудағы үлестері де аз емес, төрт оқу орнында шетелдік оқу жүйесі енгізілген. Оқу орындары түлектерінің 64 пайызы жұмысқа орналасса, 19,2 пайызы жоғары оқу орындарына түскен, үш пайызы әскер қатарына алыныпты.
Кеңес соңында атқарылған жұмыстарды саралай келе, өндірістік тәжірибеден өту, кадр даярлау мәселесіне орай Шыңғыс Мұқан «кәсіпорын, мекеме басшыларымен тікелей байланысқа шығыңыздар, іскерлік, әріптестік, достық қарым-қатынас орнатыңыздар, сонда іс жүреді. Ал, оқу орталықтарына келсек, ондай шаралар ұйымдастырудың мүмкіндігін қарастырамыз» деді.

Қосұйым МҰҚАШЕВ.
Суретті түсірген
Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*