Кәсіпкерлердің сәттілік картасы

Елбасының халыққа Жолдауынан туындайтын міндеттемелердің өңірдегі орындалу жоспарына тоқталған аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын 2025 жылға дейін ұзарту кәсіпкерлерге жасалған зор қолдау екендігін атап өтті.

Жалпы, аталған бағдарлама жүзеге асырылғаннан бері 2010-2018 жылдар аралығында 81,3 миллиард теңгеге 1158  кәсіпкердің жобасы қолдауға ие болған. Нәтижесінде, 5 778 жаңа жұмыс орыны құрылып, 182,6 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, 48,6 млрд. теңге салық төленген.

_EAC4350

– Жыл сайын облысымызда мемлекеттік және жергілікті бағдарламаларға қатысушылардың, соның ішінде, ауылдық  кәсіпкерлердің саны артуда. Нәтижесінде, бюджетке түсетін салық көлемі артып, жұмыс орындары ашылуда. Атап айтсақ, биылдың 1 қыркүйегіне тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 56 918 бірлікті құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне – 3,7 пайызға өсті. Оның ішінде, жұмыс істеп тұрған нысандар саны 45906 бірлікті құрап, 7,1 пайызға өсіп отыр, – деді облыс әкімі.

Бүгінде Атырау қаласында «біз терезе» қағидатымен кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмыс жасайды. Барлық аудандарда кәсіпкерлерді қолдау орталықтары ашылған. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша биыл қосымша қаражат бөлініп, шағын несие сомасы 1558,9 млн. теңгеге жетіп отыр. Барлығы 133 адамға 600,2 млн. теңге несие беріліп, 75 жұмыс орны құрылды.

_EAC4434

Анықтама:

«Бизнестің жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 2018 жылға:

– 2 365 млн. теңге (субсидия);

– 1 456,4 млн. теңге (жалпы трансферт);

– 908,6 млн. теңге (жергілікті бюджет);

– 147 млн. теңге (кепілдеме);

– 58 млн. теңге (жалпы трансферт);

– 89 млн. теңге (жергілікті бюджет);

– 29 млн. теңге (мемлекеттік қайтарымсыз грант, жалпы трансферт) қаралды;

– Бір нысанға 194,8 млн. теңгеге жетіспейтін инфрақұрлым жүйеісі тартылды;

– 5,4 млрд. теңгеге 95 жоба субсидияланып, 185 жұмыс орны құрылмақ.

Баян АТАЙМАНҚЫЗЫ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*