Көшпелі емхана қажет пе?

Дені сау адамның көңіл күйі көтеріңкі, еңбекке деген құлшынысы мықты келеді. Аталарымыздың «Дені саудың – жаны сау» деуі де осыдан. Еліміздің ертеңі мен көркеюі, сөз жоқ, салауатты өмір салтын сақтауда. Осыған орай №2 емхана ұжымы облыс орталығындағы «Байзар» сауда үйінде «Өзіңіздің қант деңгейіңізді және қан қысымыңызды анықтаңыз!» атты акция өткізді.

Көшпелі емхана қажет пе

Аталмыш акцияға №2 қалалық емхана дәрігерлері, эндокринолог, жалпы тәжірибелі дәрігер, көз дәрігері, психолог, маман-медбикелер қатысты. Осылайша сауда үйіне келген қаламыздың тұрғындары медициналық тексеруден тегін өтті. Сонымен қатар, мамандар халыққа ауру белгілеріне қарап, ауру түрін анықтау және оның алдын алу жолдары жайлы түсіндіріп, қосымша ақпараттық материалдар мен брошюралар таратты. Өз саулығының жай-жапсарын білгісі келген тұрғындар экспресс әдісімен тестілеу мүмкіндігіне ие болып, көкейтесті сауалдарына жауаптар алды. Бұларға қоса психолог мамандарымыз міндетті әлеуметтік сақтандыру жөнінде халыққа кеңінен түсінік берді.

Акция соңында оған қатысқан бес жүз шамалы адам бұл шараның маңыздылығына жоғары баға беріп, алғыстарын жаудырды.

 Мәнсия ҚОСМҰХАНБЕТОВА,

№2 қалалық емхананың алдын алу және

әлеуметтік қорғау бөлімінің аға мейірбикесі

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*