Көшемен көше жарысты

Махамбет ауданының Алға ауылдық округінде 1989-1990 жылғы туылған ауыл жастарының ұйымдастыруымен 10 жыл бұрын қапияда бақилық болған сыныптас достарын еске алу, ауыл спортының дамуына жəне салауатты өмір салтын насихаттау бағытында кіші аяқ добынан көшеаралық турнир  өтті.

21463173_286324311845954_3594560120651657982_n

Турнирді ауыл əкімі Ғабиден Абдешев ашып, игілікті шаралардың бастау алғанын ризашылықпен айта келе, турнирге қатысушы командаларға табысты жеңіс тіледі. Сонымен қатар шараның ашылуында марқұмдардың ата-аналары сөз алып, ұйымдастырушы жастарға əкелік, аналық шексіз рахметтерін айтты.

21462684_286323738512678_9123084783885801914_n

Спорттық жарыста Қ.Иманғазиев, Каспий, Желтоқсан, Тегісшіл, Ақсай, Махамбет атындағы көшелері мен 1989-1990 жылғы туылған жастар командалары қатысып, өзара бақтарын сынады. Тартысты өткен турнир қорытындысы бойынша 3-орын Желтоқсан көшесінің командасы, 2-орын Махамбет көшесінің командасы, жүлделі 1-орын Қ.Иманғазиев атындағы көше командасының қажығасына байланды. Сондай-ақ басқада турнирге қатысқан командалар ынталандыру сыйлықтарын иеленді. Жеңімпаздар ұйымдастыру алқасының ақшалай жүлдесімен марапатталды. Турнирдің өтуіне атсалысып жүрген Мусин Расулға, Сүйін Сержанға ауыл жұртшылығы өздерінің алғыстарын жеткізді. Болашақта осы турнирді дəстүрлі түрде өткізілу ұсынылды.

21430094_286323845179334_2520639793283132370_n

21433099_286324071845978_4614130194926569313_n

21557942_286324105179308_5879324660663315625_n

Ілес Боранбай,

Махамбет ауданы,

Алға ауылы.  

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*