ҚҰРЫЛЫСЫНА ҚАРАП ЕЛДІ ТАНИДЫ

 

Осыған байланысты, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадамның «Индустрияландыру және экономикалық өсім» атты ІІІ бөліміндегі 46-қадамында рұқсат алуды оңтайландыру көрсетілген. Құрылысқа рұқсат алудың үш сатылы («30-20-10») қағидаты енгізіледі.

Бірінші саты – архитектуралық жобалау тапсырмасын беру өтініш берілген күннен кейін 30 күн ішінде жүзеге асырылады.

Екінші саты – эскиз жобаны (дизайн-жобаны) мақұлдау – 20 күнге дейін.

Үшінші саты – рұқсаттың өзі – 10 күн ішінде.

Бірінші саты бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің биылғы 27 наурыздағы №257 бұйрығымен бекітілген «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет көрсету Стандартына сәйкес, сәулет-жоспарлау тапсырмасы – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде беріледі.

Екінші саты бойынша, бүгінгі күні эскиздік жобаны (дизайн-жобаны) күнтізбелік 20 күн ішінде мақұлдау мерзімін жүзеге асыру бойынша Атырау облысы сәулет және қала құрылысы басқармасы өз тарапынан «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 мамырдағы №425  «Объектілерді салу үшін бастапқы материалдарды (деректерді) және рұқсат беретін құжаттарды ресімдеу мен беру тәртібін оңайлату жөніндегі кейбір шаралар туралы» қаулысына толықтыру енгізуді ұсынды.

Үшінші саты бойынша, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласы туралы» №242 Заңының 33-бабына сәйкес, құрылыс салуға рұқсат 5 жұмыс күні ішінде беріледі.

Құрылыс  еліміздің  даму көрсеткішінің басты салаларының бірі. Өйткені, Қазақстандағы әрбір қала, елді мекендер алып құрылыстар жүргізу, өнеркәсіп және тұрғын үй, әлеуметтік нысандарын салу арқылы сәулеттеніп келеді. Ал, әрбір дамыған ел өз халқының жағдайын көтеру үшін құрылыс салуға көптеген қаражат жұмсайды.

Әлем бүгінде дағдарыс үстінде. Мұндай сындарлы кезеңде Елбасының ұлт келешегі, мемлекет болашағы үшін нақты іс-шаралардың бағдарын көрсетуі – құптарлық жайт. Ұлт жоспары – бұл мемлекетімізді кемеліне келтіретін реформа.

Құрылысқа рұқсат алуды жеңілдету бойынша атқарылуы тиіс істерге оң көзқараспен қарап, Ұлт жоспарындағы белгіленген шараларды толықтай қолдай отырып, Елбасының осы тапсырмаларын заманауи талаптарға сай шұғыл түрде заңдастыру қажет деп санаймыз.

Төлеп ОРЫНБАСАРОВ,

облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*