Көркем гимнастика: Атыраулықтар 7 медаль иеленді

Францияның Шамбери қаласында көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасында «Dukes of Savoy» халықаралық турнирі өтті. Нәзік жандылар бас қосқан  жарысқа қатысқан атыраулықтар 7 медаль иемденді.

көркем гимнастика

Сұлу қимыл мен орындау дәлдігін қажет ететін жарыста Альмира Камалова мен Айнель Жалғасова бәсекелестерінен үздік шығып, турнир жеңімпазы атанса, Аяулым Сүйесінова, Эльнара Нұршаева, Іңкәр Джулмағанбетовалар  жеңіс тұғырының екінші мінберінен көрінді. Ал, Айзере Тәттіғали мен Айару Егеубаеваларға бұл жолы  қола медаль бұйырды.

Мұратбек Жаңабай

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*