Күре жолдағы күрделі жөндеу

«Нұр Отан» партиясы Мақат аудандық филиалының бақылау комиссиясы «Мақат-Доссор» аралығындағы 17 шақырымды жол құрылысымен танысты. Күре жолды жөндеу республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Атырау, Ресей Федерациясы шекарасы Астрахан бағытындағы автомобиль жолдарын қайта жөндеу» жобасы бойынша жүзеге асуда.

Күре жолдағы күрделі жөндеу

Еліміздегі Инвестициялар және даму министрлігінің автомобиль жолдары комитетінің тапсырысымен «Ақтөбе-Мақат» автокөлік жолының 487-504 шақырымын жөндеу жоспарланған. Биыл сәуір айында айналма жол құрылысының алғашқы сатысы басталып, қазіргі кезде жердің негізгі қабаты бойынша жолды кеңейту жұмыстарының 70%-ы, жердің үстіңгі қабатын нығыздаудың 63% жұмысы аяқталған. Жөндеу жұмысы толықтай келер жылдың тамыз айында аяқталады деп күтілуде.

Жол құрылысын жауапкершілігіне алған мердігер компания «Ант Иншаат Маден Санайи А.Ш.» АҚ автомобиль жолдарын қайта жөндеу жобасы бойынша жұмыстар жүргізуде. Бүгінгі таңда толық іске қосылған өндірістік базада 224 адам жұмыс жасайды. Өндірістік базада алдымен 120 орындық жатақхана және 60 орындық асхана құрылысы жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілген болатын.

Сондай-ақ, наурыз айында асфальтбетон зауыты Украинадан жеткізіліп, монтаж жұмыстары аяқталып, іске қосылды. Зауыт қуаттылығы күніне 140 тонна асфальт шығарады. Шілденің 23-і күні ең алғашқы өнімін де берді. Айналма жол үш саты бойынша 4,192 шақырым, екі саты бойынша 6,832 шақырым, 1 саты бойынша 4,6 шақырымында құрылыс жұмысы толық аяқталған.

Ал, сапасын қадағалайтын мердігердің аттестатталған зертханасы бар. Әрбір материалдың сапасы, жұмыстың мемлекеттік стандарт бойынша салынуы арнайы зертханада қадағаланып отырады. Мердігер компанияның техникалық байқау бекетінің бастығы Әділбек Мырзағалиевтің айтуынша, ағымдағы жылдың қазан айында қиыршық тасты мастикалық асфальтбетон қабатына дейінгі жұмыстарды толықтай бітіру жоспарланып отыр.

          Лена НҰРБАЕВА,

Мақат ауданы.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*