Көпбалалы отбасыларға көлемді пәтер берілуі мүмкін

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында көпбалалы отбасыларға 80 шаршы метрден де кең көлемді пәтер берілуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру барысы» тақырыбында өтіп жатқан дөңгелек үстел барысында ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты.

c0be2a75b88e48732037651fc8cb5d6a_XL

Дөңгелек үстел барысында депутат Уәлихан Қайназаров «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынатын тұрғын үйдің шаршы метрі 80-нен аспауы қажет деген талап бар екендігін еске салды.

«80 шаршы метр 2 ары кеткенде 3 бөлмелі пәтер. Бұл 1 немесе 2 баласы бар отбасыға жарайды. Ал 4-5 баласы бар отбасыларға не істейміз? Сондықтан 80 шаршы метрмен шектелмей, мәселен 110 шаршы метрге ұлғайту қажет шығар. Бұл мәселені қазір шешпесек алдымыздан шыға береді», – деді Уәлихан Қайназаров.

Өз кезегінде, вице-министр көпбалалы отбасылар үшін шаршы метр қайта қарастырылатындығын айтты.

«Жалпы, бұл аталған қаржыға нақты қанша пәтер салатындығымызды айқындау үшін осындай шектеу енгізген едік. Біз көпбалалы отбасыларға мүмкіншілік бергеніміз дұрыс шығар», – деді Қайырыбек Өскенбаев.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*