Көп болып күресетін індет

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы – Әдеп жөніндегі кеңестің  төрағасы Тоқтамыс Жұмағұлов аймақтағы мәдениет қайраткерлері, кинематографиялық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті.

%d0%ba%d3%a9%d0%bf-%d0%b1%d0%be%d0%bb%d1%8b%d0%bf-%d0%ba%d2%af%d1%80%d0%b5%d1%81%d0%b5%d1%82%d1%96%d0%bd-%d1%96%d0%bd%d0%b4%d0%b5%d1%82

Облыстық әкімдіктің мәжіліс залында ашық диалог алаңы ретінде ұйымдастырылған басқосуда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды қалыптастырудың жайы талқыланды. Бүгінде аталған агенттік тарапынан жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы «Ашық келісім» жобасы жүргізілуде.

«Оның басты мақсаты –  қоғамның жегі құртына айналған дертпен көп болып күресу, бірлесе жұмыс атқару. Ашық келісімге қосылу актісіне қол қойған адам қоғамда өз жауапкершілігін терең сезініп, теріс қадамға бармайды деп сенеміз. Ал, қатарға қосылған мекемелермен бірлесе жұмыс атқарылатын болады» деді Т.Жұмағұлов. Оның айтуынша, бүгінде сала мамандарымен бірлескен жұмыстың нәтижесінде республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында 310 мақала мен түсініктеме негізінде материал жарық көрді. Алайда, жергілікті құрылымдар тарапынан сыбайластыққа қатысты жариялауға түскен материалдардың сапасы сын көтермей жататыны да жасырын емес.

Осы орайда жиынға қатысушылар арасынан өз пікірін айтушылар да аз болмады. Ал, облыстық «Атырау» газетінің бас редакторы Исатай Балмағамбетов газетке жіберілетін материалдар туралы өз ойын ашық айтты.

– Аймақтағы басқарма өкілдеріне сыбайлас жемқорлық, мемлекеттік қызмет туралы материалдарды басылым бетіне  шығару міндеттеледі. Бұл тақырыпта редакцияға түсетін ақпарат өте көп. Өкінішке орай, оның ішінде еш дерегі жоқ мақалалар, заңнан көшірілген мәліметтер ғана жазылады. Мұндай мақаланы қоғамға ұсынып, біз не ұтамыз? Сондықтан, әрбір мемлекеттік қызметкер бұл тақырыпты қозғағанда жемқорлыққа қарсы ықпалы болатын  ақпарат келтірсе, ішінде пайдалы бір дәні бар материал ұсынса, – деп ойын білдірді. Басқосу соңында «Ашық келісімге» қол қойылды.

Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатындағы ашық диалогтық алаң Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде де өтті.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов бұл жолы педагогикалық ұжыммен, студенттермен кездесті.

«Әр жастың бойына қазақстандық патриотизм сезімін нығайтып, сыбайластыққа қарсы саясатты жандандыру – басты мақсат. Біз үлкенді де, кішіні де осы бағытта тәрбиелей береміз» деді Тоқтамыс Қодашұлы.

Жиында облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Злиха Дүйсекенова, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жасұлан Бисембиевтер сөз сөйлеп, қоғам дертіне қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар барысымен таныстырды.

Аталған оқу орны ректорының міндетін атқарушы Абзал Талтенов университетте жемқорлықтың алдын алуда емтихан тапсыру жұмыстары толықтай компьютерлендірілгенін айтты.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*