Көненің көзі – кәсіптің өзі

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы Елбасының этноауылдарды дамыту жөніндегі тапсырмасына орай игі шаралар легін қолға алды. Соның аясында жақында Сарайшық ауылында қыш құмыра жасаудан шеберлік сабағын ұйымдастырды.

????????????????????????????????????

Жергілікті кәсіпкер Сара Сәрсембаева аз қамтылған отбасылар балалары мен үлгерімі жақсы отыз оқушыға Қазынатал учаскесінен он киіз үй тігіп, тағамнан дәм үлестірді. Шараның мазмұнды өтуіне ауылдық округ әкімшілігі мен Қ.Қарашаұлы атындағы мектеп ұжымы қолдау білдірді. Мақсат – көненің көзіне айналған жәдігерлерді жастарға насихаттау, туған өлке тарихын таныту.

Шеберлік сабағын жүргізуге Қызылқоға ауданынан қыш құмыра жасау ісінің шебері Жайлау Таласов шақырылды. Ол оқушыларға ұмытылуға айналған саз сырнай жасаудың қыр-сырын көрсетті.

– Тұрмыстық бұйымдардың көбісі қазір химиялық қоспа арқылы жасалады. Ал, бұл – денсаулыққа зиян. Сондықтан ұлттық қолөнерді қайта жаң-ғыртуымыз қажет. Бүгінде «керамика», «фарфор» деп жүргеніміздің бәрінің де құрамы – саз. Оны 700 градус температурада күйдіріп, қарапайым және күрделі заттар жасалады. Мәселен, еуропалық үйлердің шатыры көбінесе қызыл түсті болып келеді. Себебі, ол таза керамикадан жасалған. Әйтсе де, оның бағасы өте қымбат. Есесіне, табиғи таза нәрседен ешқандай радиация тарамайды.

Біз бұрынғы киіз бен текеметті тәрк етіп, синтетикалық өнімді пайдаланғанды құп көреміз. Бұл – дұрыс емес. Жастар арасында ауру түрлерінің көбейіп кетуі де сондықтан. Мәселен, қарапайым киіз үйдің өзі – біздің ең бай мұрамыз. Онда теріс энергия сақталатын бұрыш болмағандықтан, ол шеңбер бойымен сырт айналып кетеді, – дейді шебер.

Шеберлік сабағы барысында балалар құмыраның қалай жасалатынын ғана тамашалап қоймай, ұлттық ойындар мен спорттық сайыстардан сынға түсті.

Амандық Сағынтайұлы

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*