ҚҰЛСАРЫНЫ ТАЛ-ТЕРЕКПЕН ҚОРШАСА…

 

Ал, менің есіме сонау 1994 жылы облыстың сол кездегі басшысы Сағат Түгелбаевтың «Шеврон» компаниясы басшылығымен кездескені түсті. Сонда мен Теңіз кенішінің төңірегіне тал егу мәселесін көтергенмін. Содан бері қаншама уақыт өтті, бұл проблема шешілген жоқ. Рас, қазір мамандар кен орны төңірегінің табиғаты қаталдығын және жерінің тұздылығын алға тартады. Соның салдарынан отырғызылған ағаштардың үштен бірі ғана өседі екен. Рас та шығыр. Бірақ, сол жерді талапқа сай өңдеп, дұрыс күтімге алса, теректер жайқалуы да мүмкін-ау. Мәселен, Елбасымыз Астананың айналасына жасыл белдеу орнатқан жоқ па? Сол маң да кезінде ашық дала болатын. «Тшолықтардың» Құлсарыда қос саябақ тұрғызғанын құптаймын. Әйтсе де, өндірістен тікелей келетін зиянды да ағаш егіп, азайтқан абзал. Бір ағаштың тәулігіне екі адамға жетерлік оттегін шығарып, төрт килограмм шаң-тозаңды жапырағымен жинайтындығы ғылыми дәлелденген. Ендеше, оған мән берген жөн. Ал, Қытайда 11-60 жас аралығындағы әр адам бес түп ағаш егуі тиіс. Үлгі алатын өнеге емес пе?

Жылыойлықтарды мазалайтын тағы бір мәселе – өңірдегі су көздерінің халық игілігіне аспай отырғандығы. Олар мұнда көп те емес. Жемнің бұрынғы арнасы бүгінде әбден тартылған. Өр суымен ғана толатын Қамыскөл де табиғаттың мырзалығына тәуелді.

Нұр-Мұхаммед ЕСЕНӘЛІҰЛЫ, ҚР білім беру ісінің үздігі, «Армия генералы, С.Қ.Нұрмағамбетов» медалінің иегері.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*