КҮЛКІ ӨМІРДІ ЖАДЫРАТАДЫ

Фестиваль басында «Жас Отан» жастар қанаты Атырау қалалық филиалының атқарушы хатшысы, «Атырау КВН» филиалының директоры Асхат Қалауов маусымашар ойыншыларына сәттілік тіледі. Ол қазақша КВН қозғалысының дамуында биыл көптеген іс-шаралар қосылатынын айтты. «Қазір біраз оқу орнының басшылары КВН дегенде үрке қарайды. Керісінше, бұл ойындар жастардың пікірін ашық жеткізуіне мүмкіндік бермек. Әр ойын сайын біз осыны түсіндіргіміз келеді», – дейді ол.

Жыл бойына «Жайдарман» ойындарында өнер көрсету үшін 45 команда тіркелген. Тізімге ілігіп, редакторлық жұмыстан өткен командалар сертификаттарға ие болды. КВН ұйымдастырушылардың айтуынша, облысымызда Исатай ауданында ғана КВН командасы жоқ екен. 

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында өткен маусымашар фестивалі өңіріміздегі ең таңдаулы құрамалардың басын қосты. «Жайдарманның» жас достарының өнерлерін тамашалауға жиналған жастардың санында есеп болмады. Сахнада өнер көрсеткен «Әліби жастары», «Құрманғазы жастары» , «АМИГО», «Аграрка тарландары», «Үй жақтың балдары», «Прада», «Индер құрамасы», «Өзіміздің Барбарис», «Керемет», «Жарсуат құрамасы», «Ғажайып медицина», «Қазақтар», «Дәшін», «Отыз алты», «Нұршуақ», «Еркінқала құрамасы» жастары бірі-бірінен асып түсіп, ойынға белсене қатысты.

Қай кезде де жастар ешқашан қоғам назарынан тыс емес. Бұл тұрғыда «Жайдарманның» атқарар рөлі ерекше. Жалпы айтқанда, жастарды салауатты өмір салтына баулуда оларды дұрыс тәрбиеге шақыратыны тағы бар. Әсіресе, қала жастары әр ойында белсенділік танытып келеді.

Нұргүл ЫСМАҒҰЛ,

Суреттер Ерлан АЛТЫБАЕВТІКІ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*