КӨКТЕМГІ ЕГІС — ЫРЫЗДЫҚҚА НЕГІЗ

Сонымен қатар, биылғы жылы Аграрлық несие корпорациясы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге ыңғайлы болу үшін Несие серіктестігі жүйесі арқылы және міндеттемелері бойынша орындау мерзімін кейінге қалдыру арқылы қосымша несие өнімдерін енгізеді.
Басқа сөзбен айтқанда, бюджеттен бөлінген 60 млрд. теңге қысқа мерзімді несие болып табылады, оны «ҚазАгро» осы жылдың 20 желтоқсанына дейін республикалық бюджетке қайтарады. Шаруаларға бұл қаражат жылдық бес пайызбен 2013 жылғы желтоқсанның басына дейінгі мерзімге беріледі. Егер шаруашылық өсірілген өнімді өткізуді келесі жылға дейін «ұстай тұрғысы» келсе, тиісінше өздерінің қаржы міндеттемелері бойынша шешіп, есеп айырысуды 2014 жылғы наурызға қалдырса, сыйақы ставкасы жеті пайызды құрайды.
Өсімдік шаруашылығы саласындағы агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін жалпы қолдау шеңберінде Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры «Егінжай» бағдарламасын іске асырады. Несие бағдарламасының мақсатты аудиториясы шағын жер үлесі бар шаруашылықтар болып табылады. Өздеріңізге белгілі, екінші деңгейлі банктер ауылдағы шағын кәсіпкерлерді несиелерінің шағын көлеміне және ауылшаруашылық өндірісінің жоғары тәуекеліне байланысты несиелеуден қашқақтайды. Осындай жағдайларда ауыл халқы үшін «Егінжай» шеңберінде несиелеу – ең оңтайлы жағдай.
Несие ресурстарымен қамтамасыз етуден басқа «ҚазАгро» ұлттық холдингі көктемгі егіс шараларын техникалық жарақтандыру жұмыстарын жүр-гізеді. Холдингтің құрылымындағы лизинг компаниясы «ҚазАгроҚаржы» АҚ өндірушілер мен жабдықтаушылармен 266 түрлі ауыл шаруашылығы техникасына арналған шарттар жасалды. Қазіргі уақытта шаруашылықтармен 6,6 млрд. теңге сомасына 140-тан астам техниканы сатып алуға шарттар жасалды. Осы ретте отандық аграрлық өндірісті қолдаудың аспаптарын жетілдіру мақсатында және субсидиялауды есепке алғанда «ҚазАгроҚаржы» АҚ жеткізілетін ауыл шаруашылығы техникасының барлық спектрінің лизингі бойынша пайыздық ставкасы 5,8 пайыз белгісінде белгіленгенін де айта кеткен жөн.

Бет қатталып жатқанда:
Атырау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы облыс шаруашылықтарына 2013 жылдың көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге Атырау МӨЗ-нан «Петролеум Оперейтинг» ЖШС-гі жеткізушісі арқылы облысымыздың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жеңілдікпен бөлінетін (1 тоннас 93 975 теңге) 2 мың тонна дизель отынын жеткізу жөніндегі жұмыстарды мұнай өнімдерін тасымалдаушы құрылымдарға оператор анықтау мақсатында шаруашылық нысандарының сұраныс беру нүктелеріне дейін жеткізіп беру жұмысын ұсынады.
Қызығушылық танытушы құрылымдардың төмендегі мекен-жай бойынша ағымдағы жылдың наурыз айының 18-не дейін хабарласуы сұралады.
Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі,
77 үй, 337 бөлме, тел 35-45-90

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*