Көкөністердің бағасы едәуір арзандады

Қазақстанда маусымдық көкөністердің бағасы едәуір арзандады, деп хабарлайды Energyprom.kz.

4f84123a5009ea65989df792bbbb1791

Маусымдық көкөністер арзандай түсуде. Қызанақтар мен қиярлардың бағасы айына 27-28% төмендеген.

Өткен аймен салыстырғанда шілдеде жаңа піскен қияр бағасы 28%, қызанақ – 26,5%, орамжапырақ – 22%, картоп – 14,4%, сарымсақ – 10,7% арзандаған. Бірақ, басқа көкөністердің құны көтерілген. Атап айтқанда, қызылша (+11,6%) мен сәбіз (+16%) қымбаттаған. Сарапшылар мұны көкөністердің жаңа өнімдерінің базарларда пайда болуымен түсіндіреді.

Шілдеде жемістердің ішінде банандар (минус 5,5%) және апельсиндер (минус 3,7%) бағасы арзандаған.

Ет бағасы туралы айтатын болсақ, тауық өнімдері арзандады – жұмыртқа бір айдың ішінде 2%, тауықтың сан еті және тауық тиісінше 0,3 және 0,1% төмендеген. Дәнді дақылдардың бағасы өзгермеген, тек күріш 2,1% қымбаттаған.

Хорлан Смадияр

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*