Итальяндық әншілер Атырауда өнер көрсетті

Атырауда итальяндық «Сан-Ремо-Сарайшық» атты музыкалық фестиваль өтті. С.Бейбарыс алаңында болған шараға 2 мыңға жуық тұрғындар қатысты, деп хабарлайды Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

WhatsApp Image 2018-08-10 at 14.27.02

Атырауда алғаш рет өткен концертті қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырған болатын.

Шарада Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтарына әсерлі кеш сыйлау үшін «San Remo» халықаралық фестивалінен 8 әртіс келді. Олардың арасында есімдері әлемге әйгілі суретшілер, танымал тенор Родольфо Мария Гордини, Сан-Ремо фестивалінің тұрақты қатысушысы және композитор Исабелла Биффи мен Alt@Moda тобы бар.

– Мен Атырауға алғаш рет келдім. Қала тұрғындары қонақжай екен. Біз танымал Toto Cutungno, Adriano Celintano, Richie және Poveri, Pupo, Nada және басқада итальяндық әртістердің репертуарындағы әндерді алып келдік.  Көрермендер бізді өте жылы қарсы алып, бізбен бірге ән шырқады. Өте жақсы көңіл-күй сыйлады, – дейді әнші Исабелла Биффи.

WhatsApp Image 2018-08-10 at 14.26.59

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Сюзанна», «Феличита» және басқа да кеңестік дәуірдің басқа да танымал әндері Атырау қаласының тұрғындарына шынайы мереке болды.

Осындай дәрежеде өткен фистиваль қаламыздың тарихында алғаш болып отыр. Бүгін шамамен екі мың көрермен әйгілі итальяндық әртістердің өнерімен танысуға келді. Екі елдің мәдениеті мен тілін байланыстыру біздің басты мақсатымыз болатын. Осы мақсатымыз жүзеге асты деп есептеймін. Ендігі кезекте Италия елінде Қазақстан өнер жұлдыздарының концертін қойып, итальяндықтарды біздің мәдениетіміз бен тілімізбен таныстырсақ жақсы болар еді, – дейді Атырау қаласы мәдениет бөлімінің бас маманы Қарлығаш Құмарова.

Айта кетсек, «San-Remo» – танымал итальяндық ән байқауы жыл сайын ақпан айының ортасында Италияның солтүстік-батысындағы Сан-Ремо қаласында өткізіледі. Байқау бұрын соңды көпшілікте орындалмаған италиялық композиторлардың түпнұсқа әндерінің байқауы.

Хорлан Смадияр

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*