Исатайдың ескерткішін қалпына келтірген азаматты білеміз бе?

Ел ырысын еселеген мұнайшылардың еңбегін бір сөзбен жеткізу мүмкін емес. Қазыналы өңірдің мұнай-газ өндірісінде өзіндік қолтаңбасын қалдырып үлгерген білікті мамандардың бірі – Әлібек Семғалиев. Ол – «Сазанқұрақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 2011 жылдан бері бас директордың өндірістік мәселелер бойынша орынбасары.

фото 2

Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау мен игеру мамандықтарын игерген ол еңбек жолын қарапайым оператор болып бастаған. Үш жылдан соң өндіріс шебері қызметіне ауысады. Сөйтіп, біліктілігінің арқасында бас механик дәрежесіне дейін көтеріледі. Бүгінде әріптестері оны өз ісінің білгір маманы ретінде ғана емес, жауапты қызметкер, ұтқыр ұйымдастырушы ретінде де жақсы біледі. Әсіресе, оның қайырымдылық шаралары адамды қанаттандырып, жігерлендіре түседі.

Әлібек Семғалиевтың басшылығымен «Сазанқұрақ» ЖШС-де бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша көп іс тындырылды. ­­Тайман ата мазары мен халық батыры Исатай Тайманұлының ескерткіші қалпына келтірілді. Исатай ауданында «Сәт ата» мешіті бой көтерді. «Атырау», «Ақжайық» қайырымдылық мекемелерінің ұйымдастыруымен жастардың жоғары оқу орындарында білім алуына мүмкіндік туды. Қарттар күні аясында аудан зейнеткерлері мен мүгедектеріне жағдай жасалды. Қатты жауын салдарынан зардап шеккен мекеме қызметкері Серікбай Қуандықовқа көмек көрсетілді.      Исатай ауылында спорттық алаң ашылды. Балаларды сауықтыру орталығында тәрбиеленетін қамкөңіл балаларға сыйлықтар ұсынылды. Сол сияқты, мүгедектерге арналған арбалар, велотренажерлер, ортопедтік аяқ киімдер сатып алынды.

– Бүгінде халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап келемін, – дейді Әлібек Аманжанұлы. – Мәселен, Елшібек ауылының тұрғыны Асылбек Әубекеровтің балаларға ойын алаңын салу жөніндегі өтінішін қарастырып жатырмыз. Каспий өткелінің тұрғыны Ермек Мұқашевтың жол салу мәселесі келесі жылы шешімін таппақ. Достық көшесінің №6 үй тұрғыны Айжан Қадырова 1963 жылы салынған ғимараттың ескіргендігін айтып дабыл қақты. Алайда, тұрғындар пәтер иелері кооперативін құруға қарсы. Ал, Мәмедова көшесі тұрғындарының жаяу жүргінші жолын салу жөніндегі сұранысы көп кешікпей қанағаттандырылатын болады. Сондай-ақ, Достық көшесіндегі №4 үйдің кәріз құбырын жөндеу қажеттігін айтқан Әсет Бисембаевтың ұсынысы бойынша, «Атырау Су Арнасы» мекемесімен келіссөздер жүргізілуде.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*